Абай облысының Көкпекті ауданында ер адам автокөлік дөңгелектерінің астына түсіп қаза тапты.

Абай облысының Көкпекті ауданында ер адам автокөлік дөңгелектерінің астына түсіп қаза тапты.

📌2023 жылдың 13 тамызы күні сағат 22:22 шамасында 102 арнасына облыс орталығының 46 жастағы тұрғынынан Жансары ауылының маңындағы "Көкпекті-Васильев өткелі" тас жолымен жүріп келе жатып, өз көлігімен тас жолда отырған белгісіз бір адамды қағып кеткені туралы хабар келіп түсті.

Жол-көлік оқиғасы салдарынан ер адам сол жерде алған дене жарақаты салдарынан қайтыс болды.

👮🏽‍♂️Аталған факті бойынша ҚР ҚК 345-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. (Абайсызда адамның өліміне әкеп соққан көлік құралдарын басқаратын адамдардың жол жүру немесе көлік құралын пайдалану ережелерін бұзуы).Қазіргі уақытта бірқатар сот сараптамалары тағайындалды, олардың нәтижелері бойынша іс жүргізу шешімі қабылданады.📌Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексерудің деректері жария етілуге жатпайды.