Абай облысының полицейлері тұрғындарды ұялы телефондарын бейтаныс адамдарға бермеуге шақырады.

Абай облысының полицейлері тұрғындарды ұялы телефондарын бейтаныс адамдарға  бермеуге шақырады.

"Hi Tech" ЖПІШ аясында Абай облысының полицейлері қоңырау шалу сылтауымен ұялы телефонды қолды қылып кетуге байланысты алаяқтық әрекеттері үшін 6 адамды ұстап, полиция бөлімдеріне жеткізді.

📌 Ағымдағы жылдың 1 тамызында "102" жедел арнасына облыс орталығының 44 жастағы тұрғыны жүгініп, қоңырау шалу сылтауымен оның ұялы телефонын иемденіп кеткен бейтаныс адамға қатысты шаралар қабылдауды сұрайды. Шығын көлемі 100 000 теңгені құрады. Қабылданған шаралар арқылы Бородулиха ауданының 19 жастағы тұрғыны ұсталды. Ұрланған зат тәркіленіп, жәбірленушіге қайтарылды.

📌 Ағымдағы жылдың 4 тамызында 48 жастағы азамат "102" жедел арнасына хабарласып, қоңырау шалу сылтауымен ұялы телефонын иемденген бейтаныс адамға қатысты шаралар қабылдауды сұрайды. Шығын 380 000 теңгені құрады. Қабылданған шаралар нәтижесінде 51 жастағы жергілікті тұрғын ұсталды. Ұрланған зат тәркіленіп, жәбірленушіге табысталды.

📌 Ағымдағы жылдың 10 тамызы күні сағат 17.00 шамасында 45 жастағы ер адам полицияға қоңырау шалып, белгісіз жас жігіттің Семей қаласындағы "Орталық базарда" болған кезінде қоңырау шалу сылтауымен оның ұялы телефонын иемденіп алғанын, оның құны 120 000 теңгені құрайтынын хабарлаған. Полиция қызметкерлері облыс орталығының бұрын сотталған 27 жастағы тұрғынын анықтап, ұстады. Жас жігіт ұрланған телефонды қайтарып, кінәсін мойындады.

‼️Барлық фактілер бойынша ҚР ҚК 190-бабы "Алаяқтық" бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.