
"Hi Tech" ЖПІШаясында полицейлер Абай облысы орталығының 77 жастағы тұрғынына қоңырау шалған қаскүнемді анықтады. Ер адамның айтуынша ағымдағы жылғы шілде айының соңында үй телефонына шалынған қоңырауда өзін қызы ретінде көрсетіп, апатқа ұшырағанын және ақша қаражаты керек екені туралы хабарланған. Осылайша, алдау және сенімді теріс пайдалану жолымен 1 200 000 теңге сомасында ақшалай қаражатты иеленіп кетеді.
Сол күні түн ортасында 88 жастағы зейнеткердің үйінде де қоңырау соғылды. Тұтқаның арғы жағындағы адам әйел дауысымен өзін немересі ретінде көрсетіп, апатқа ұшырағанын айтып, оның 600 000 теңге сомасындағы ақшалай қаражатын алаяқтық жолмен иемденеді.
Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу нәтижесінде полицейлер қаланың 22 жастағы жұмыссыз тұрғыны болып шыққан қаскүнемді ұстады. Қазіргі уақытта полиция күдіктінің осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғын тексеруде.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК 190-бабы 1,2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

Полицейлер егде жастағы туыстарымен әңгімелесуді және оларға осындай жағдайларда қалай әрекет ету керектігін түсіндіруді ұсынады. Белгісіз адамдармен телефон арқылы сөйлескен кезде, алынған ақпарат сипатының шынайылығына көз жеткізбестен дүрбелеңге түспеңіздер.