Ағымдағы жылдың 10 сәуірінен бастап республика аумағында тұрғындардан заңсыз сақталған атыс қаруын, оқ-дәрілерді және жарылғыш заттарды сатып алу бойынша акция өткізіледі.

Ағымдағы жылдың 10 сәуірінен бастап республика аумағында тұрғындардан заңсыз сақталған атыс қаруын, оқ-дәрілерді және жарылғыш заттарды сатып алу бойынша акция өткізіледі.

Акцияны өткізудің 2 күнінде Абай облысының азаматтары өз еркімен 21 бірлік қару тапсырды, оның ішінде 3 мылтық 18 тегіс ұңғылы жалпы сомасы 1 млн.514 мың теңгеге.

Азаматтардың заңсыз сақталған қару-жарақ заттарын ерікті түрде тапсыру қағидаларына сәйкес атыс қаруының барлық түрлері, оқ-дәрілер, сондай-ақ жарылғыш заттар сатып алуға жатады.Төлемдер сомасы 10-нан 100 АЕК-ке дейін немесе ақшалай баламада басталады, бұл 34 500 теңгеден 345 000 теңгеге дейін.

Сондай-ақ, "заңсыз сақталған атыс қаруын, оқ-дәрілерді немесе жарылғыш заттарды өз еркімен тапсырған адам" әкімшілік және қылмыстық жауапкершіліктен босатылатынын еске саламыз.