АБАЙ ОБЛЫСЫ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ ПОЛИЦИЯ ПОЛКОВНИГІ ЕРНАР БАЗАРОВ ІІМ АРДАГЕРІ ОТСТАВКАДАҒЫ МИЛИЦИЯ ПОЛКОВНИГІ ФАХРЕЕВ ЗАРИФ ГАРИФҰЛЫН 70 ЖЫЛДЫҚ МЕРЕЙТОЙЫМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ.

АБАЙ ОБЛЫСЫ   ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ ПОЛИЦИЯ ПОЛКОВНИГІ ЕРНАР БАЗАРОВ  ІІМ АРДАГЕРІ ОТСТАВКАДАҒЫ МИЛИЦИЯ ПОЛКОВНИГІ ФАХРЕЕВ ЗАРИФ ГАРИФҰЛЫН  70 ЖЫЛДЫҚ МЕРЕЙТОЙЫМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ.

Абай облысы   Полиция департаментінің бастығының орынбасары полиция полковнигі Ернар Базаров  ІІМ ардагері отставкадағы милиция полковнигі Фахреев Зариф Гарифұлын  70 жылдық мерейтойымен құттықтады.  

Еңбек жолын 1973 жылы бастаған Зариф Гарифұлы  35 жылдан астам уақыт ішкі істер органдарында  әртүрлі лауазымдарда қызмет  атқарып 2005 жылы Семей қ Полиция басқармасы бастығының орынбасары лауазымынан құрметті демалысқа шығады.

Ернар Базаров құттықтау сөзінде:

«Сіз қоғамдық тәртіпті сақтау,қылмысқа қарсы күрес саласында ұзақ жылдар жемісті еңбек еттіңіз. Біліміңізді, тәжірибеңізді қоғамдық  тәртіпті   сақтау саласына арнап,  абыройлы қызмет атқардыңыз. Семей қ Полиция басқармасында басшылық лауазымдарда болғанда  жас мамандарды тәрбиелеуге сүбелі үлес қостыңыз.

Осы еңбегіңіз бен адал қызметіңіздің арқасында абырой биігіне көтеріліп ІІМ тарапынан көптеген  марапаттарға ие болдыңыз»- дей келе отставкадағы милиция полковнигіне қоғамдық тәртіпті сақтау,қылмыспен күреске арнаған  тамаша жұмысы үшін алғыс білдіріп,  зор денсаулық, немерелері мен шөберелерінің қуанышына бөленіп,бақытты ғұмыр кешуін тіледі.