КҮНДІЗ ДЕ, ТҮНДЕ ДЕ КӨРЕДІ: ПАТРУЛЬДІК КӨЛІКТЕР ҚАЛАЙ ЖҰМЫС ІСТЕЙДІ

КҮНДІЗ ДЕ, ТҮНДЕ ДЕ КӨРЕДІ: ПАТРУЛЬДІК КӨЛІКТЕР ҚАЛАЙ ЖҰМЫС ІСТЕЙДІ

Жыл басынан бері Абай облысының жолдарында 75 адам қаза тапты. Апаттардың алдын алу үшін полиция автоматты және мобильді фото-бейнетіркеу жүйелерін қолдануда.

Патрульдік көліктерге орнатылған 12 «EKIN Patrol G2» кешені қала сыртындағы тасжолдарды бақылайды. Олардың көмегімен 35 432 құқық бұзушылық тіркелді.

Жүйенің мүмкіндіктері:

 тоғыз камера және шамамен 360° шолу;
 мемлекеттік нөмірлерді тану;
 бес жолаққа дейін жылдамдықты өлшеу;
 қозғалыста және тоқтап тұрғанда жұмыс істеу;
 инфрақызыл датчиктер арқылы түнде түсіру.

28 маусымнан бастап бес «SERGEK PATROL BOX» кешені іске қосылып, 2 675 құқық бұзушылықты тіркеді.

Жалпы, жыл басынан бері автоматты және мобильді жүйелер арқылы 193 мыңнан астам жол қозғалысы ережесін бұзу дерегі анықталды.

Технологияның басты мақсаты — айыппұл салу емес, қауіпті әрекеттердің алдын алып, адам өмірін сақтау.

Жылдамдықты асырмаңыз. Қауіпті басып озудан аулақ болыңыз. Телефонға алаңдамаңыз. Жол қателікті кешірмейді!