Абай облысында Ішкі істер министрінің кубогына арналған іріктеу шахмат турнирі өтті

Абай облысында Ішкі істер министрінің кубогына арналған іріктеу шахмат турнирі өтті

«Динамо» спорт кешенінде Абай облысы Полиция департаменті бөлімшелері арасында Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрінің кубогына арналған іріктеу шахмат турнирі өтті.

Турнирге облыстық полиция департаментінің құрылымдық бөлімшелерінен келген командалар қатысты.

Жарыс тартысты әрі қызықты өтті. Әрбір қатысушы өздерінің стратегиялық ойлау қабілетін, сабырлылығын, зейінділігін және табандылығын көрсетті. Нәтижесінде үздік шахматшылар анықталды.

Ерлер арасында бірінші орынды Көкпекті аудандық полиция бөлімінің полиция аға лейтенанты Ержан Самаров иеленді. Екінші орын Патрульдік полиция ротасының инспекторы полиция капитаны Ғалымжан Шоканбаевқа бұйырды. Құрметті үшінші орынды Әуезоп полиция бөлімінің полиция лейтенанты Дәрен Қалиев пен Жылдам қимылдайтын арнайы жасағының инспекторы полиция лейтенанты Мұхамедәли Жұматаев бөлісті.

Әйелдер арасында үздік нәтиже көрсеткен Арнайы және кәсіби даярлық басқармасының инспекторы полиция аға лейтенанты Айнур Ақшолақова болды. Екінші орынды Жылдам қимылдайтын арнайы жасағының инспекторы полиция кіші лейтенанты Рита Абылқасымова иеленді.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер медальдар және грамоталармен марапатталды.

Іс-шараның мақсаты – ішкі істер органдары қызметкерлерінің интеллектуалдық қабілеттерін дамыту, командалық рухты нығайту және корпоративтік мәдениетті арттыру болып табылады.