Қарағаш — татулық пен тазалықты таңдаған ауыл

Қарағаш — татулық пен тазалықты таңдаған ауыл

Қарағаш — татулық пен тазалықты таңдаған ауыл 

Абай облысының Аягөз ауданындағы Қарағаш ауылы бүгінде ерекше үлгі көрсетіп отыр. Мұнда тұрғындар өз еркімен ішімдіктен толық бас тартып, салауатты өмір салтын таңдады.
⠀
Бұл бастаманың авторы — учаскелік полиция инспекторы, полиция капитаны Медет Ахметбек. Күнделікті профилактикалық жұмыс барысында ол ауылдастарға ой тастады: “Алкогольсіз ауыл мүмкін бе?”
⠀
Жергілікті ақсақалдар бұл ұсынысты қолдап, жастарға өнеге көрсетті. Аудан әкімі Мадияр Байжұманов атап өткендей, ауыл дүкендерінде енді алкоголь өнімдері сатылмайды.
⠀
Қарағаштағы өзгерістер көзге анық көрінеді:
▪️ жұмысқа тұрғандар көбейді
▪️ тыныштық орнап, құқықбұзушылық азайды
▪️ жастар ішімдікке жоламай, белсенді өмір сүруде
▪️ ауылда ауызбіршілік пен өзара сыйластық артты
⠀
Ауыл ақсақалы Жұмағазы Бекбаев учаскелік инспектор мен жергілікті билікке алғысын білдіріп, мұндай ортақ бастамалардың маңызын атап өтті.
⠀
Қарағаш — бірлескен игі істің ауыл өміріне қаншалықты оң әсер ететінін дәлелдейтін шынайы мысал.

https://www.instagram.com/abai_department_police/reel/DMpVRS6tbsw/