⚠️ #БІЛГЕНІҢІЗАБЗАЛ: отшашуды қалай заңды түрде қолдануға болады

⚠️ #БІЛГЕНІҢІЗАБЗАЛ: отшашуды қалай заңды түрде қолдануға болады

Қазақстанда IV классқа жататын (қуатты) пиротехникалық бұйымдарды тек ІІМ-нің лицензиясы бар заңды тұлғалар ғана пайдалана алады.

 Бұқаралық іс-шарада отшашу ұйымдастыру үшін:

•Жергілікті атқарушы органнан рұқсат алу

•Ішкі істер органдарымен келісу

• Іс-шара өтетін күнге дейін кемінде 10 жұмыс күні бұрын өтініш беру  

Келесі құжаттарды әзірлеп, ұсыну қажет:

• отшашудың техникалық сипаттамалары

• отшашу атылатын орынның сызбасы

• бұйымдарды тасымалдайтын көлік туралы ақпарат  

Отшашу ұйымдастырушыларының міндеттері:

• Көрермендер мен қызмет көрсетуші персонал үшін қауіпсіз жағдай жасау

• Пиротехникалық бұйымдарды сақтау мен тасымалдаудың қауіпсіздігін қамтамасыз ету

• Қауіпсіздік шараларын ішкі істер органдарымен келісу

• Ішкі істер органдарымен бірлесіп, отшашу өтетін орынды күзету шараларын ұйымдастыру  

Маңызды: талаптар бұзылған жағдайда айыппұл салынады!  Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 463-бабы — рұқсатсыз қызмет атқару  483-бабы — пиротехникалық бұйымдарды сақтау, есепке алу, тасымалдау немесе қолдану ережелерін бұзу  

Есте сақтаңыз: отшашу — жай ғана көңіл көтеру емес, қауіпті әрекет. Мереке қауіпсіз өтуі үшін заң талаптарын сақтаңыз!