Абай облысы Полиция департаментінің кіші және орта басқарушы құрамының бос лауазымдарына конкурс туралы хабарландыру
Абай облысының Полиция департаменті, Семей қ., Б. Момышұлы көш., 17, тел. (8-7222), 69-32-27, 69-31-68, электрондық мекенжайы a.a.akparova@mvd.gov.kz кіші және орта басқарушы құрамның бос лауазымдарына конкурс жариялайды:
1.ПД медициналық тобының бас маманы-дәрігер-эпидемиологы (C-SVО-7) – 1 бірлік.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: жоғары медициналық, жасы отыз бес жасқа дейін.
2.ПД ішкі аудит тобының бас ревизоры (C-SVО-7) – 1 бірлік.
3.ПД ішкі аудит тобының аға ревизоры (C-SVО-8) – 1 бірлік.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: жоғары (Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес, экономика, менеджмент, есеп және аудит, қаржы, мемлекеттік және муниципалдық басқару) мемлекеттік аудитор біліктілігін беру туралы сертификаттың болуы, жасы отыз бес жасқа дейін.
4.Семей қ. ПБ патрульдік полиция батальоны қызметінің инспекторы (C-SSP-8) – 6 бірлік.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: орта заңгерлік немесе арнайы білім, жасы отыз бес жасқа дейін. В, С санаты бойынша көлік құралдарын басқару құқығына жүргізуші куәлігінің болуы.
5.Семей қ. ПБ Затон ПБ криминалдық полиция тобының жедел уәкілі (C-SVR-8) – 3 бірлік.
6.Семей қ. ПБ Әуезов ПБ криминалдық полиция тобының жедел уәкілі (C-SVR-8) – 3 бірлік.
7.Семей қ. ПБ криминалдық полиция тобының жедел уәкілі (C-SVR-8) – 2 бірлік.
8.Курчатов қ. ПБ криминалдық полиция тобының жедел уәкілі (C-SVR-8) – 1 бірлік.
9.Жарма ауданы ПБ Шар қ. ПБ криминалдық полиция тобының жедел уәкілі (C-SVR-8) – 1 бірлік.
10.Үржар ауданы ПБ тергеушісі (C-SVR-8) – 1 бірлік.
11.Семей қ. ПБ тергеушісі (C-SVR-8) – 1 бірлік.
12.Үржар ауданы ПБ криминалдық полиция тобының жедел уәкілі (C-SVR-8) – 1 бірлік.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: жоғары заңгерлік, жасы отыз бес жасқа дейін.
13.Семей қ. ПБ Затон ПБ ювеналды полиция тобының кәмелетке толмағандар істері жөніндегі учаскелік полиция инспекторы (C-SVR-8) – 1 бірлік.
14.Семей қ. ПБ Әуезов ПБ жергілікті полиция қызметі бөлімшесінің ювеналды полиция тобының кәмелетке толмағандар істері жөніндегі учаскелік полиция инспекторы (C-SVR-8) – 2 бірлік.
15.Бесқарағай ауданы ПБ қоғамдық қауіпсіздік бөлімшесінің ювеналды полиция тобының кәмелетке толмағандар істері жөніндегі учаскелік полиция инспекторы (C-SVR-8) – 1 бірлік.
16.Жарма ауданы ПБ қоғамдық қауіпсіздік бөлімшесінің ювеналды полиция тобының кәмелетке толмағандар істері жөніндегі учаскелік полиция инспекторы (C-SVR-8) – 1 бірлік.
17.Жаңасемей ауданы ПБ қоғамдық қауіпсіздік бөлімшесінің тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес бойынша әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау жөніндегі инспекторы (C-SVR-8) – 1 бірлік.
18.Абай ауданы ПБ қоғамдық қауіпсіздік бөлімшесінің тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес бойынша әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау жөніндегі инспекторы (C-SVR-8) – 1 бірлік.
19.Семей қ. ПБ қоғамдық қауіпсіздік бөлімшесінің тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес бойынша әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау жөніндегі инспекторы (C-SVR-8) – 2 бірлік.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: жоғары заңгерлік немесе арнайы (педагогика және психология, алғашқы әскери дайындық, дене шынықтыру және спорт, әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану, психология) білім, жасы отыз бес жасқа дейін.
20.Бородулиха ауданы ПБ Жезкент полиция бөлімшесінің көші-қон қызметі тобының инспекторы (C-SVR-8) – 1 бірлік.
21.Жарма ауданы ПБ көші-қон қызметі тобының инспекторы (C-SVR-8) – 1 бірлік.
22.Курчатов қ. ПБ көші-қон қызметі тобының инспекторы (C-SVR-8) – 1 бірлік.
23.Семей қ. ПБ көші-қон қызметі бөлімшесінің инспекторы (C-SVR-8) – 1 бірлік.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: жоғары білім (Құқықтану, Халықаралық құқық, Құқық қорғау қызметі, Құқық және экономика негіздері, Шет тілі: екі шет тілі, Халықаралық қатынастар, Теология, Түркология, Әлеуметтану, Саясаттану, Аймақтану, Автоматтандыру және басқару, Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету, Ақпараттық жүйелер), жасы отыз бес жасқа дейін.
24.Жарма ауданы ПБ қоғамдық қауіпсіздік бөлімшесінің учаскелік полиция инспекторы (C-SVR-4) – 2 бірлік.
25.Шар қ. ПБ қоғамдық қауіпсіздік бөлімшесінің учаскелік полиция инспекторы (C-SVR-4) – 2 бірлік.
26.Мақаншы ауданы ПБ қоғамдық қауіпсіздік бөлімшесінің учаскелік полиция инспекторы (C-SVR-4) – 1 бірлік.
27.Абай ауданы ПБ қоғамдық қауіпсіздік бөлімшесінің учаскелік полиция инспекторы (C-SVR-4) – 1 бірлік.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: жоғары заңгерлік немесе арнайы (халықаралық құқық, алғашқы әскери дайындық, мемлекеттік және жергілікті басқару) білім, жасы отыз бес жасқа дейін.
28.Аягөз ауданы ПБ жол және техникалық инспекция бөлімшесінің мемлекеттік автоинспекторы (C-SVR-8) – 1 бірлік.
29.Жарма ауданы ПБ жол және техникалық инспекция тобының мемлекеттік автоинспекторы (C-SVR-8) – 1 бірлік.
30.Жаңасемей ауданы ПБ жол және техникалық инспекция тобының мемлекеттік автоинспекторы (C-SVR-8) – 1 бірлік.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: жоғары (Көлік, көлік техникасы және технологиялары, Тасымалдауды ұйымдастыру, қозғалыс және көлікті пайдалану), жасы отыз бес жасқа дейін.
31.Жедел қимылдайтын арнайы жасақ (батальон құқығындағы) инспекторы (C-SN-8) – 17 бірлік.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: жоғары заңгерлік немесе арнайы (құқықтану, құқық, құқық қорғау қызметі, халықаралық құқық, алғашқы әскери дайындық, дене шынықтыру және спорт, ұлттық қауіпсіздік және әскери іс) немесе орта арнайы білім, жасы отыз бес жасқа дейін, спорттық атақтардың, разрядтардың, жекпе-жек түрлері бойынша немесе практикалық ату бойынша біліктілігінің болуы.
32.Бесқарағай ауданы ПБ қоғамдық қауіпсіздік бөлімшесінің әкімшілік практика тобының инспекторы (C-SVR-8) – 1 бірлік.
33.Семей қ. ПБ Әуезов ПБ қоғамдық қауіпсіздік бөлімшесінің әкімшілік практика тобының инспекторы (C-SVR-8) – 1 бірлік.
34.Курчатов қ. ПБ қоғамдық қауіпсіздік бөлімшесінің әкімшілік практика тобының инспекторы (C-SVR-8) – 1 бірлік.
35.Семей қ. ПБ ҚҚБ қару айналымын бақылау және табиғатты қорғау полициясы тобының инспекторы (C-SVR-8) – 1 бірлік.
36.Жарма ауданы ПБ ҚҚБ қару айналымын бақылау және табиғатты қорғау полициясы тобының инспекторы (C-SVR-8) – 1 бірлік.
37.Көкпекті ауданы ПБ ҚҚБ қару айналымын бақылау және табиғатты қорғау полициясы тобының инспекторы (C-SVR-8) – 1 бірлік.
38.Үржар ауданы ПБ ҚҚБ қару айналымын бақылау және табиғатты қорғау полициясы тобының инспекторы (C-SVR-8) – 1 бірлік.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: жоғары білім (Құқықтану, Халықаралық құқық, Құқық қорғау қызметі), жасы отыз бес жасқа дейін.
39.Аягөз ауданы ПБ жеке құраммен жұмыс жөніндегі тобының инспекторы (C-SVR-8) – 1 бірлік.
40.Абай ауданы ПБ жеке құраммен жұмыс жөніндегі тобының инспекторы (C-SVR-8) – 1 бірлік.
41.Үржар ауданы ПБ жеке құраммен жұмыс жөніндегі тобының инспекторы (C-SVR-8) – 1 бірлік.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: жоғары білім (Құқықтану, Халықаралық құқық, Құқық қорғау қызметі, Педагогика және психология, Алғашқы әскери дайындық, Дене шынықтыру және спорт, Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану, Әлеуметтану, Саясаттану, Психология, Менеджмент, Мемлекеттік және жергілікті басқару, Инновациялық менеджмент, Еңбекті ұйымдастыру және нормалау, Ақпараттық жүйелер, Әлеуметтік жұмыс, Педагогикалық және әскери мамандықтар), жасы отыз бес жасқа дейін.
42.Мақаншы ауданы ПБ ақпараттандыру және байланыс тобының инженері (C-SVR-8) – 1 бірлік.
43.Семей қ. ПБ Затон ПБ ақпараттандыру және байланыс тобының инспекторы (C-SVR-8) – 1 бірлік.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: жоғары білім (Құқықтану, Құқық қорғау қызметі, Математика, Информатика, Автоматтандыру және басқару, Ақпараттық жүйелер, Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету, Математикалық және компьютерлік модельдеу, Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар, Ақпараттық қауіпсіздік жүйелері), жасы отыз бес жасқа дейін.
44.Аягөз ауданы ПБ Шұбартау ПБ тылдық қамтамасыз ету тобының полицей-жүргізушісі (С-SV-12) – 2 бірлік.
45.Бородулиха ауданы ПБ Жезкент ПБ тылдық қамтамасыз ету тобының полицей-жүргізушісі (С-SV-12) – 2 бірлік.
46.Бородулиха ауданы ПБ тылдық қамтамасыз ету тобының полицей-жүргізушісі (С-SV-12) – 2 бірлік.
47.Жарма ауданы ПБ тылдық қамтамасыз ету тобының полицей-жүргізушісі (С-SV-12) – 1 бірлік.
48.Курчатов қ. ПБ тылдық қамтамасыз ету тобының полицей-жүргізушісі (С-SV-12) – 2 бірлік.
49.Жарма ауданы ПБ тылдық қамтамасыз ету тобының полицей-жүргізушісі (С-SV-12) – 1 бірлік.
50.Ақсуат ауданы ПБ уақытша ұстау изоляторының полицей-жүргізушісі (С-SV-12) – 1 бірлік.
51.ПД ғимараттарды күзету жөніндегі бөлімшесінің полицейі (С-SV-12) – 4 бірлік.
52.ПД Тылдық қамтамасыз ету басқармасының технигі (С-SV-13) – 1 бірлік.
53.Курчатов қ. ПБ тылдық қамтамасыз ету тобының старшинасы (С-SV-12) – 1 бірлік.
54.Курчатов қ. ПБ тылдық қамтамасыз ету тобының технигі (С-SV-13) – 2 бірлік.
55.Курчатов қ. ПБ уақытша ұстау изоляторының полицейі (С-SV-12) – 1 бірлік.
56.Курчатов қ. ПБ тылдық қамтамасыз ету тобының полицей-жүргізушісі (С-SV-12) – 2 бірлік.
57.Курчатов қ. ПБ уақытша ұстау изоляторының полицей-жүргізушісі (С-SV-12) – 1 бірлік.
58.Шар қ. ПБ кеңсе технигі (С-SV-13) – 1 бірлік.
59.Шар қ. ПБ тылдық қамтамасыз ету тобының полицей-жүргізушісі (С-SV-12) – 2 бірлік.
60.Бородулиха ауданы ПБ уақытша ұстау изоляторының полицейі (С-SV-12) – 1 бірлік.
61.Бородулиха ауданы ПБ тылдық қамтамасыз ету тобының полицей-жүргізушісі (С-SV-12) – 2 бірлік.
62.Семей қ. ПБ патрульдік полиция батальоны кинологиялық тобының полицей-кинологы (С-SV-12) – 1 бірлік.
63.Семей қ. ПБ ақпараттандыру және байланыс бөлімінің технигі (С-SV-13) – 1 бірлік.
64.Семей қ. ПБ Әуезов ПБ ақпараттық саясат тобының технигі (С-SV-13) – 1 бірлік.
65.Курчатов қ. ПБ уақытша ұстау изоляторының полицейі (С-SV-12) – 1 бірлік.
66.Абай ауданы ПБ уақытша ұстау изоляторының полицейі (С-SV-12) – 1 бірлік.
67.Семей қ. ПБ патрульдік полиция батальонының старшинасы (С-SV-12) – 1 бірлік.
68.Бородулиха ауданы ПБ кезекші бөлімінің кезекші көмекшісі (С-SV-12) – 1 бірлік.
69.Аягөз ауданы ПБ ақпараттандыру және байланыс тобының технигі (С-SV-13) – 1 бірлік.
70.Аягөз ауданы ПБ УҰИ старшинасы (С-SV-12) – 1 бірлік.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: орта білім, жасы отыз бес жасқа дейін, әскери қызмет өткерген.
ІІО-ға түсу тәртібі
Ішкі істер органдарына қатардағы, кіші және орта басқарушы құрам лауазымдарына қызметке кандидаттарды қабылдау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің білім беру ұйымдарында жүзеге асырылады.
ҚР ІІМ білім беру ұйымдарында ішкі істер органдарына іріктеуге қатысу бойынша шығыстарды (іріктеу өткізілетін жерге дейін бару және қайту, медициналық комиссиядан өту, тұрғын үйді жалдау, тұру) кандидат өз қаражаты есебінен жүргізеді.
Кандидаттарды іріктеу бірқатар дәйекті кезеңдерді қамтиды:
бірінші кезеңде – қалыптасқан жеке істер негізінде кандидаттардың тізімдері қалыптастырылады;
екінші кезеңде – кандидаттардың Конкурс өткізу қағидаларының талаптарына сәйкес дене шынықтыру дайындығы бойынша нормативтерді тапсыруы.
үшінші кезеңде – қабылдау комиссиясы кандидаттармен, ал кандидаттың қалауы бойынша оның ата-анасын, жұбайын (зайыбын) шақыра отырып сұхбат жүргізеді.
Кандидаттың ІІО-ға қызметке тұру себептері анықталады. Кандидаттың назары қызмет бойынша қолданыстағы шектеулерге, болашақ қызметтің сипатына, оны жұмыс уақытынан тыс уақытта, демалыс және мереке күндері қызметке тарту мүмкіндігіне, сондай-ақ ІІО-да қызмет өткеру кезіндегі жеңілдіктер мен артықшылықтарға аударылады.
Жұмыстың ашықтығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін конкурстық комиссияның отырысына байқаушылар шақырылады.
Іріктеудің әрбір кезеңінен өтуге бір рет қана жол беріледі. Алдыңғы кезеңнен өтпеген кандидат келесі кезеңге жіберілмейді.
Құжаттарды қабылдау Абай облысы Полиция департаментінің кіші және орта басқарушы құрамының бос лауазымдарына кандидаттарды іріктеу жүргізу туралы хабарландыру жарияланған сәттен бастап 7 жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.
Бастапқы кәсіптік даярлықты аяқтаған адам ішкі істер органдарында бұдан былайғы қызметтен бас тартқан не үлгермеуіне және (немесе) тәртіп бұзуына байланысты, сондай-ақ өз қалауы бойынша ІІМ білім беру ұйымынан шығарылған жағдайда, ол Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес оны даярлау, тамақтандыру және даярлау кезеңінде тұруға жұмсалған бюджет қаражатын мемлекетке өтеуге міндетті.
Кандидат ішкі істер органдарына қызметке тұрғаннан кейін кемінде 3 жыл жұмыс істеуі тиіс (келісімшарт жасалады).Бұл міндеттеме қызметкерге ол денсаулық жағдайы бойынша әскери-дәрігерлік комиссияның қызметке жарамсыздығы немесе шектеулі жарамдылығы туралы қорытындысы негізінде не штаттың қысқаруына, ішкі істер органын қайта ұйымдастыруға немесе таратуға байланысты басқа лауазымда пайдалану мүмкін болмаған жағдайда үш жыл ішінде қызметтен босатылған кезде, сондай-ақ оны басқа құқық қорғау органына немесе арнайы мемлекеттік органға ауыстырған жағдайда қолданылмайды