Абай облысы Полиция департаментінің кіші және орта басшы құрамның бос лауазымдарына конкурс жариялау туралы хабарландыру

Абай облысы Полиция департаменті, Семей қаласы, Б. Момышұлы көшесі, 17, анықтама телефондары: (8-7222) 69-31-74, 69-30-36, электрондық мекенжай a.a.akparova@mvd.gov.kz кіші және орта басшы құрамның бос лауазымдарына орналасуға үміткерлерді іріктеп алуы туралы жариялайды:

 

1.Семей қ. ПБ Әкімшілік полиция бөлімі әкімшілік тәжірибе бөлімшесі инспекторы (С-SVR-8) – 1 бірлік.

2.Абай ауданы ПБ әкімшілік тәжірибе тобының инспекторы (С-SVR-8) – 1 бірлік.

3.Курчатов қ. ПБ әкімшілік тәжірибе тобының инспекторы (С-SVR-8) – 1 бірлік.

Конкурсқа қатысушыларға талаптар: білімі жоғарғы заңгерлік, отыз бес жасқа дейінгі.

 

4.Жарма ауданы ПБ жол және техникалық инспекциясы тобының мемавтоинспекторы (С-SVR-8) – 1 бірлік.

5.Көкпекті ауданы ПБ жол және техникалық инспекциясы тобының мемавтоинспекторы (С-SVR-8) – 1 бірлік.

Конкурсқа қатысушыларға талаптар: білімі жоғарғы (Көлік, көлік техникасы және технологиялар, Көлік тасымалдауларын, қозғалысын ұйымдастыру және пайдалану), отыз бес жасқа дейінгі.

 

6.ПД Қаржымен қамтамасыз ету басқармасы бухгалтерлік есепке алу және есептілік бөлімі (орталықтандырылған бухгалтерия) есеп айырысу тобының аға инспекторы  (С-SVО-8) – 1 бірлік.

7.ПД Қаржымен қамтамасыз ету басқармасы жеткізушілермен, есептегі тұлғалармен есеп айырысуды және жиынтық есепті есепке алу тобының аға инспекторы (С-SVО-8) – 1 бірлік.

8.ПД Қаржымен қамтамасыз ету басқармасы еңбекақы төлеу және зейнетақы тағайындау тобының аға инспекторы (С-SVО-8) – 2 бірлік.

Конкурсқа қатысушыларға талаптар: Білімі жоғары қаржы-экономикалық (Экономика, Есеп және аудит, Қаржы, Дүниежүзілік экономика, Математика, Еңбекті ұйымдастыру және нормалау), отыз бес жасқа дейінгі.

 

9.ПД Ішкі аудит тобының аға ревизоры (С-SVО-8) – 1 бірлік.

Конкурсқа қатысушыларға талаптар: Білімі жоғары қаржы-экономикалық (экономика, менеджмент, есеп және аудит, қаржы), отыз бес жасқа дейінгі.

 

10.ПД Медициналық топтың бас маман-дәрігері  (С-SVО-7) – 1 бірлік.

Конкурсқа қатысушыларға талаптар: Білімі медициналық, отыз бес жасқа дейінгі.

 

11.ПД Жылдам қимылдайтын арнайы жасағы (батальон құқығындағы) инспекторы     (C-SN-8) – 17 бірлік.

Конкурсқа қатысушыларға талаптар: Білімі жоғарғы заңгерлік немесе арнайы (юриспруденция, құқық, құқық қорғау қызметі, халықаралық құқық, алғашқы әскери даярлық, дене шынықтыру және спорт, ұлттық қауіпсіздік және әскери іс) немесе орта арнайы, отыз бес жасқа дейінгі, қоян-қолтық ұрыс түрлерінен және практикалық атудан спорттық атақтар, разрядтар, біліктілігі болуы.

 

12.Семей қ. ПБ  патрульдік полиция батальонының  қызмет инспекторы  (C-SSР-8) – 11 бірлік

13.Үржар ауданы ПБ  патрульдік полиция тобының  қызмет инспекторы  (C-SSР-8) – 1 бірлік

Конкурсқа қатысушыларға талаптар: білімі орта заңгерлік немесе орта арнайы, отыз бес жасқа дейін. Автокөлік құралдарын жүргізуі үшін В,С санатты жүргізуші куәлігі бар.

 

14.Семей қ. ПБ Орталық ПБ жедел уәкілі (С-SVR-8) – 3 бірлік.

15.Жарма ауданы ПБ Шар қ. ПБ жедел уәкілі (С-SVR-8) – 1 бірлік.

Конкурсқа қатысушыларға талаптар: білімі жоғарғы заңгерлік, отыз бес жасқа дейінгі.

 

16.Семей қ. ПБ Әуезов ПБ ЖПҚБ кәмелеттік жасқа толмағандардың істері жөніндегі учаскелік полиция инспекторы (С-SVR-8) –  1 бірлік.

17.Семей қ. ПБ Затон ПБ ЖПҚБ кәмелеттік жасқа толмағандардың істері жөніндегі учаскелік полиция инспекторы (С-SVR-8) –  1 бірлік.

18.Семей қ. ПБ Орталық ПБ ЖПҚБ кәмелеттік жасқа толмағандардың істері жөніндегі учаскелік полиция инспекторы (С-SVR-8) –  1 бірлік.

19.Бесқарағай ауданы ПБ ЖПҚБ кәмелеттік жасқа толмағандардың істері жөніндегі учаскелік полиция инспекторы (С-SVR-8) –  1 бірлік.

20.Жарма ауданы ЖПҚБ кәмелеттік жасқа толмағандардың істері жөніндегі учаскелік полиция инспекторы (С-SVR-8) –  1 бірлік.

Конкурсқа қатысушыларға талаптар: білімі жоғарғы заңгерлік немесе арнайы (педагогика және психология, алғашқы әскери даярлық, дене мәдениеті және спорт, әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану, психология), отыз бес жасқа дейінгі.

 

21.Жарма ауданы ПБ жергілікті полиция қызметі бөлімшесі учаскелік полиция инспекторы (С-SVR-4) – 2 бірлік

Конкурсқа қатысушыларға талаптар: білімі жоғарғы заңгерлік немесе арнайы (халықаралық құқық, алғашқы әскери даярлық,  мемлекеттік және жергілікті басқару), отыз бес жасқа дейінгі.

 

22.Жарма ауданы ПБ Шар қ. ПБ тергеу тобының тергеушісі  (С-SVR-8) – 1 бірлік.

Конкурсқа қатысушыларға талаптар: білімі жоғарғы заңгерлік, отыз бес жасқа дейінгі.

 

23.Жарма ауданы ПБ Табиғатты қорғау полициясы тобының инспекторы (С-SVR-8) – 1 бірлік.

Конкурсқа қатысушыларға талаптар: білімі жоғарғы (Заңтану, Халықаралық құқық, Құқық қорғау қызметі, Тіршілік қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау, Аң аулау ісі және аң шаруашылығы, Балық шаруашылығы және өнеркәсіптік балық аулау шаруашылық, Орман ресурстары және орман шаруашылығы), отыз бес жасқа дейінгі.

 

24.Жарма ауданы ПБ Кадр саясаты тобының инспекторы (С-SVR-8) – 1 бірлік.

Конкурсқа қатысушыларға талаптар: білімі жоғарғы (Заңтану, Халықаралық құқық, Құқық қорғау қызметі, Педагогика және психология, Алғашқы әскери даярлық, Дене шынықтыру және спорт, Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану, Әлеуметтану, Саясаттану, Психология, Менеджмент, Мемлекеттік және жергілікті басқару,  Инновациялық менеджмент, Еңбекті ұйымдастыру және нормалау, Ақпараттық жүйелер, Әлеуметтік жұмыс), отыз бес жасқа дейінгі.

 

  1. 25. Курчатов қ. ПБ ішкі және сыртқы коммуникациялар тобының инспекторы (С-SVR-8) – 1 бірлік.

Конкурсқа қатысушыларға талаптар: білімі жоғарғы(«Құқық» немесе «Білім» (қазақ тілі мен әдебиеті, орыс тілі мен әдебиеті, қазақ тілде оқымайтын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті, орыс тілде оқымайтын мектептердегі орыс тілі мен әдебиеті, шет тілі: екі шет тілі) немесе «Гуманитарлық ғылымдар» (аударма ісі, филология) немесе «Әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес» (журналистика, халықаралық журналистика, қоғаммен байланыс)), отыз бес жасқа дейінгі.

 

26.ПД Ақпараттандыру және байланыс басқармасының технигі (C-SV-13) – 4 бірлік.

27.Семей қ. ПБ Ақпараттандыру және байланыс бөлімінің технигі (C-SV-13) – 1 бірлік.

28.Үржар ауданы ПБ Ақпараттандыру және байланыс тобының технигі (C-SV-13) – 1 бірлік.

29.ПД Жылдам қимылдайтын арнайы жасағы (батальон құқығындағы) кезекші бөлімі кезекшінің көмекшісі (C- SV-12)  – 2 бірлік.

30.ПД Кинологиялық қызметі орталығының кіші инспектор-кинологы (C-SV-13) – 4 бірлік.

31.Семей қ.ПБ партульдік полиция батальоны кинологиялық тобының полицей-кинологы(C- SV-12)  – 1 бірлік.

32.Үржар ауданы ПБ Кинологиялық қызмет тобының кіші инспектор-кинологы (C-SV-13) – 1 бірлік.

33.ПД 1 санатты автошаруашылығының полицей-жүргізушісі (C-SV-12) – 10 бірлік.

34.Семей қ.ПБ тылдық қамтамасыз ету бөлімшесінің полицей-жүргізушісі (C-SV-12) – 1 бірлік.

35.Семей қ.ПБ Әуезов ПБ тылдық қамтамасыз ету тобының полицей-жүргізушісі (C-SV-12) – 1 бірлік.

36.ПД Жылдам қимылдайтын арнайы жасағы (батальон құқығындағы) полицей-жүргізушісі (C- SV-12)  – 2 бірлік.

37.Семей қ.ПБ айдауыл қызметі взводының полицей-жүргізушісі (C- SV-12)  – 1 бірлік.

38.Жарма ауданы ПБ Шар қ.ПБ тылдық қамтамасыз ету тобының полицей-жүргізушісі (C-SV-12) – 1 бірлік.

39.Үржар ауданы ПБ тылдық қамтамасыз ету тобының полицей-жүргізушісі (C-SV-12) – 1 бірлік.

40.Үржар ауданы ПБ Мақаншы ПБ тылдық қамтамасыз ету тобының полицей-жүргізушісі (C-SV-12) – 1 бірлік.

41.ПД ғимараттарын күзету тобының полицейі (C-SV-12) – 5 бірлік.

  1. Семей қ. ПБ ғимараттарын күзету тобының полицейі (C-SV-12) – 1 бірлік.

43.Семей қ. ПБ айдауыл қызметі взводының полицей-айдауылы (C-SV-12) – 2 бірлік.

44.Көкпекті ауданы ПБ Уақытша ұстау изоляторының полицей-айдауылы (C-SV-12) – 1 бірлік.

45.Көкпекті ауданы ПБ Уақытша ұстау изоляторының полицейі (C-SV-12) – 1 бірлік.

46.Үржар ауданы ПБ Уақытша ұстау изоляторының полицей-айдауылы (C-SV-12) – 1 бірлік.

47.Семей қ. ПБ әкімшілік тәртіпте қамауға алынған тұлғаларға арналған арнайы қабылдау орны полицейі (C-SV-12) – 1 бірлік.

48.Жарма ауданы ПБ Жарма және Көкпекті аудандарына қызмет көрсету бойынша әкімшілік тәртіпте қамауға алынған тұлғаларға арналған арнайы қабылдау орны полицейі (C-SV-12) – 1 бірлік.

49.Үржар ауданы ПБ тылдық қамтамасыз ету тобының старшинасы (C-SV-12) – 1 бірлік.

Конкурсқа қатысушыларға талаптар: білімі орта, отыз бес жасқа дейін, мерзімді әскери қызметтен өткен.

                                    

Дата публикации
14 июля 2023