Астана, 2026 жылғы 17 қазан – Камбоджа Корольдігінің Премьер-министрі Хун Манеттің Қазақстанға ресми сапары аясында Қазақстан Республикасы Президентінің «Ақорда» резиденциясында Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрлігі мен Камбоджа Корольдігінің Сауда министрлігі арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастық туралы өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылған құжаттар папкаларын алмасу рәсімі өтті.
Құжаттар алмасу рәсімі Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Камбоджа Корольдігінің Премьер-министрі Хун Манеттің қатысуымен болды.
Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев пен Камбоджа Корольдігінің Сауда министрі Чам Нимул қол қойған меморандум екіжақты сауда-экономикалық байланыстарды нығайтуға, өзара іскерлік қарым-қатынасты кеңейтуге және тиімді ынтымақтастық оранатуға бағытталған.
Аталмыш құжат сауда және инвестициялар, шағын және орта кәсіпкерлік, көлік және логистика, ауыл шаруашылығы, энергетика, цифрландыру, техникалық реттеу және басқа да перспективалы бағыттардағы ынтымақтастықты дамытуды көздейді.
Сондай-ақ бүгін екі елдің іскер топтары арасындағы тікелей байланыстарды кеңейтуге, тәжірибе алмасуға, бірлескен іс-шаралар ұйымдастыруға және өзара тиімді жобаларды жүзеге асыруға баса назар аударылады.
Меморандумға қол қою Қазақстан мен Камбоджа арасындағы өзара сауда көлемін ұлғайтуға, инвестициялық қарым-қатынасты кеңейтуге және экономикалық әріптестікті одан әрі нығайтуға қосымша серпін береді.
2026 жылдың қаңтар–тамыз айларының қорытындысы бойынша Қазақстанның сыртқы сауда айналымы 103 млрд долларға жетіп, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 12,8%-ға өсті. Бұл ретте экспорттың өсу қарқыны импорттың өсімінен төрт еседен астам жоғары болды, соның нәтижесінде елдің сауда балансы айтарлықтай нығайды.
Сегіз ай ішінде Қазақстан 60,4 млрд долларлық тауар экспорттады, бұл былтырғыдан 19,5%-ға көп. Ал, импорт 4,5%-ға өсіп, 42,6 млрд долларды құрады. Нәтижесінде сыртқы саудадағы оң сальдо 17,8 млрд долларға жетті, ал 2025 жылдың сәйкес кезеңінде ол 9,8 млрд доллар болған еді.
Сыртқы сауданың жалпы өсуі аясында агроөнеркәсіптік кешен айқын серпін көрсетті. Қазақстан ауыл шаруашылығы шикізатының да, оны қайта өңдеу өнімдерінің де жеткізілімін арттыруда. Сонымен қатар бірқатар тауар позициясы бойынша өсу қарқыны экспорттың жалпы динамикасынан әлдеқайда жоғары.
Ең жылдам дамып келе жатқан бағыттардың бірі - күнбағыс майы. Қаңтар–тамыз айларында оның экспорты 48,5%-ға артып, 672,8 млн долларға жетті. Заттай көріністе жеткізілім 35,9%-ға өсіп, 611,4 мың тоннаны құрады. 2025 жылдың қорытындысымен Қазақстан күнбағыс майын экспорттаушы алғашқы алты елдің қатарына кірсе, Қытайға жеткізуші елдер арасында екінші орынды иеленді. Күнбағыс күнжарасын экспорттау бойынша еліміз Еуропалық Одақ пен Қытайға ең ірі жеткізушілердің үштігіне енді, сондай-ақ Орталық Азия елдерінің қажеттілігінің едәуір бөлігін қамтамасыз етеді.
Астық секторы да оң динамика көрсетуде. Бидай экспорты 26,5%-ға өсіп, 1,25 млрд долларға жетті. Шетелге 5,5 млн тоннадан астам астық жөнелтілді, бұл өткен жылғы сәйкес кезеңнің көрсеткішінен 13,8%-ға жоғары.
Сонымен бірге астықты қайта өңдеу өнімдерінің жеткізілімі де ұлғаюда. Бидай және бидай-қарабидай ұнының экспорты 36%-ға өсіп, 400 млн долларға жетті. Заттай көріністе жеткізілім 22,8%-ға артып, 1,38 млн тоннаны құрады. Тағы бір айтарлықтай бағыт – зығыр тұқымы. Сегіз айда оның экспорты құндық көріністе 2,3 есе өсіп, 387,8 млн доллардықұрады. Бұл ретте жеткізілімнің физикалық көлемі 2,5 есе артып, 780,8 мың тоннаға жетті
Жануарларды азықтандыруға арналған дайын өнімдердің экспорты да едәуір өсті. Жеткізілім құны 60,8%-ға артып, 577,6 млн долларды құрады, ал физикалық көлемі 44,2%-ға өсті.
Жалпы алғанда, күнбағыс майы, ұн және жануарларға арналған дайын азық экспорты 1,65 млрд долларды құрады. Өткен жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда осы үш санаттың жеткізілімі құндық көріністе шамамен 48%-ға өсті. Бұл – қосылған құны жоғары өнім экспортының кеңейіп келе жатқанын көрсетеді.
Агроөнеркәсіптік кешеннен бөлек, экспорттық түсімнің өсімі металлургия және тау-кен өнеркәсібі салаларында да тіркелді. Мыс пен мыс катодтарының жеткізілімі 55,7%-ға артып, 3,9 млрд долларға, уран жеткізілімі 26,9%-ға артып, 3,1 млрд долларға жетті.
Импорт құрылымында да өзгерістер орын алды. Қазақстан өнеркәсіптік және энергетикалық жабдықты сатып алуды арттыруда. Атап айтқанда, электргенераторлық қондырғылар импорты 86,5%-ға өсіп, 916,5 млн долларды құраса, газ турбиналарын қоса алғанда, турбореактивті және турбовинтті қозғалтқыштар импорты 3,3 есе өсіп, 611 млндолларға жетті
Қытай Қазақстанның ең ірі сауда әріптесі болып қала береді. Онымен сегіз айдағы тауар айналымы 23,3 млрд доллар немесе елдің барлық сыртқы саудасының 22,7%-ын құрады. Екінші орында – Ресей (18,3 млрд доллар), үшінші орында – Италия (11,8 млрд доллар). Осы үш елдің үлесіне Қазақстанның сыртқы сауда айналымының жартысынан астамы тиесілі.
Сонымен қатар экспорт пен импорт географиясының өзіндік ерекшеліктері бар. Италия қазақстандық тауарларды ең көп сатып алушы болды: жеткізілім көлемі 10,9 млрд доллар, ол Қытайдан (10,7 млрд доллар) сәл ғана алда. Ал Ресей Қазақстанға тауар жеткізуші елдер арасында бірінші орында, импорт көлемі 13,2 млрд доллар.
Агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің, ең алдымен күнбағыс майының, ұн мен дайын жемнің экспортының өсуі қосылған құны жоғары тауарлар жеткізілімінің кеңейіп жатқанын және қазақстандық өнімнің сыртқы нарықтардағы ұстанымын одан әрі нығайту әлеуетінің бар екенін көрсетеді.
Республика күні қарсаңында еліміздемерекелік жеңілдіктер науқаны өтеді. 17 қазаннан Астана, Алматы, Шымкент қалаларында, басқа да өңірлерде Republic Day және Bereke Fest республикалық акциялары басталдымұнда тұтынушыларға төмен бағамен тауарлардың біраз түрі ұсынылған. Кейбір өнімдерді 10%-дан 50%-ға дейінгі жеңілдіктермен сатып алуға болады
Мерекелік ұсыныстардың ең қарқынды кезеңі 21-27 қазан аралығында болады деп күтілуде. Акциялық бағдарламалар, арнайы баға мен мерекелікжеңілдіктердің басым бөлігі дәл осы күндері өтеді. Тұтынушылар азық түлік және азық түлік емес тауарларды тиімді бағамен сатыпалу мүмкіндігіне ие болады
Ауқымды сатылымдар еліміздің үш мегаполисі мен басқа да өңірлерінің танымалсауда орталықтарында өтеді. Мәселен, Астанада Republic Day акциясына «MEGA Silk Way», «Хан ШатырАлматыда «MEGA Alma-Ata», «MEGA Park» және «Forum AlmatyШымкенттеMega Planetпен Shymkent Plazaсауда орталықтары қатысады. Ал Bereke Fest аясындағыарнайы ұсыныстар «Magnum», «SMALL», «АстықжанжәнеGraMadсауда желілерінің дүкендерінде қолжетімді болады
Жалпы республикалық науқанның бастамашылары Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі мен жергілікті атқарушы органдар
Аталмыш акциялар ұлттық мерекеге орай өткізіліп, халыққа қажетті тауарларды қолжетімді етіп, тұтынушылық сұранысты қолдауға, әрі ішкі саудаға қосымша серпін беруге бағытталған. Сонымен қатар отандық өндірушілерді қолдап, өнімдерін өткізу мүмкіндіктерін кеңейтуге баса назар аударылды
Мерекелік сатылымдарға қандай сауда орталықтары мен дүкендер қатысатынын жергілікті атқарушы органдардың (әкімдіктердің) ресми интернет-ресурстарынан білуге болады
Republic Day және Bereke Fest акциялары 27 қазанға дейін жалғасады
Қосымша ақпаратты төмендегі сілтемелер арқылы алуға болады:
1. Абай облысы https://www.gov.kz/org/abay/press/news/details/1312766?lang=kk
2. Ақмола облысы https://www.gov.kz/org/aqmola/press/news/details/1312769?lang=kk
3. Ақтөбе облысы https://www.gov.kz/org/aktobe/press/news/details/1312760?lang=kk
4. Алматы облысы https://www.gov.kz/org/almobl/press/news/details/1312753?lang=kk
5. Атырау облысы https://www.gov.kz/org/atyrau/documents/details/1084795?lang=kk
6. Батыс Қазақстан облысы https://www.gov.kz/org/bko/press/news/details/1312772?lang=kk
7. Жамбыл облысы https://www.gov.kz/org/zhambyl/press/news/details/1312755?lang=kk
8. Жетісу облысы https://www.gov.kz/org/zhetysu-oblysy/press/events/details/49369?lang=kk
9. Қарағанды облысы https://www.gov.kz/org/karaganda/press/news/details/1312763?lang=kk
10. Қостанай облысы https://www.gov.kz/org/kostanay/press/news/details/1312765?lang=kk
11. Қызылорда облысы https://www.gov.kz/org/kyzylorda/press/news/details/1312761?lang=kk
12. Маңғыстау облысы https://www.gov.kz/org/mangystau/press/news/details/1312773?lang=kk
13. Павлодар облысы https://www.gov.kz/org/pavlodar/press/news/details/1312768?lang=kk
14. Солтүстік Қазақстан облысы https://www.gov.kz/org/sko/press/news/details/1312764?lang=kk
15. Түркістан облысы https://www.gov.kz/org/ontustik/press/news/details/1312767?lang=kk
16. Ұлытау облысы https://www.gov.kz/org/ulytau/press/news/details/1312754?lang=kk
17. Шығыс Қазақстан облысы https://www.gov.kz/org/akimvko/press/news/details/1312759?lang=kk
18. Астана қаласы https://www.gov.kz/org/astana/press/news/details/1312778?lang=kk
19. Алматы қаласы https://www.gov.kz/org/almaty/press/events/details/49370?lang=kk
20. Шымкент қаласы https://www.gov.kz/org/shymkent/press/news/details/1312770?lang=kk
ҚР Сауда және интеграция министрлігінің баспасөз қызметі
2026 жылғы 15 қазанда Министрліктің Әдеп жөніндегі уәкілі Заң департаментімен бірлесіп мемлекеттік қызметшілерге арналған семинар өткізді.
Семинар жол жүрісі қағидалары мен қауіпсіздікті сақтау, сондай-ақ жолдарда және қоғамдық орындарда өзін-өзі ұстау мәдениеті мәселелеріне арналды.
Семинар спикері Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Әкімшілік жауапкершілік комитетінің ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Кишкенов Талғат Бақытбекұлы болды. Семинар барысында ол Қазақстан Республикасы бойынша жол жүрісі қағидаларын бұзу деректеріне қатысты статистикалық мәліметтерді ұсынып, осы саладағы жаңашылдықтармен, оның ішінде жол жүрісі қағидаларын бұзушылықтарды автоматты түрде тіркеу жүйелерін қолдану мәселелерімен таныстырды.
Жолдарда және қоғамдық орындарда әр адамның өзін-өзі ұстау мәдениетін арттыру, белгіленген қағидаларды сақтауға жауапкершілікпен қарау және оларды бұзудың, соның ішінде қайғылы жағдайларға әкелуі мүмкін салдарын түсіну қажеттілігіне ерекше назар аударылды. Алкогольдік немесе өзге де масаң күйде көлік құралын басқаруға жол берілмейтіні атап өтілді, өйткені мұндай әрекеттер жол қозғалысына қатысушылардың және айналасындағылардың өмірі мен денсаулығына тікелей қауіп төндіреді.
Сонымен қатар спикер семинарға қатысушылардың сұрақтарына жауап берді.
«2026 жылдың қаңтарынан бастап, тамыз айына дейін Қазақстан мен Швейцария арасындағы тауар айналымы 1 120,9 млн АҚШ долларын құрады, бұл өткен жылмен салыстырғанда салыстырғанда 19,3%-ға артық».
Бұл туралы Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев Швейцария Конфедерациясының Елшісі Кристина Хонеггер ханыммен кездесуінде мәлімдеді.
Аталмыш жиын Министрдің Швейцария Конфедерациясына алдағы жұмыс сапары аясында өтті. 22-ші қазан күні Берн қаласында Сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі комиссияның 12-ші отырысы өтпек. Тараптар екіжақты сауда-экономикалық байланыстарды нығайту, сондай-ақ өзара сауда мен инвестициялық ынтымақтастықты кеңейту перспективаларын талқылады.
Биылғы жылдың 8 айының ішінде Қазақстанның Швейцарияға экспорты 15,4%-ға өсіп, 820,5 млн долларға жетті.
Министрдің сөзінше, Қазақстан Швейцарияға өңделген өнім экспортын 30 позиция бойынша арттыра алады. Соның ішінде ең перспективті бағыттар - металлургия, тамақ өнеркәсібі, мұнай-химия, машина жасау және химия салалары. Оның ішінде алюминий, болат прокаты, ферроқорытпалар, күнбағыс майы, ұн, макарон және кондитерлік өнімдер туралы сөз қозғалды.
Өз кезегінде Швейцария Елшісі Кристина Хонеггер Министрдің ұстанымын қолдап, швейцариялық тараптың екі ел арасындағы сауда-экономикалық қатынастарды одан әрі нығайтуға ниетті екенін білдірді.
Айта кетейік, Швейцария Қазақстанның ең ірі инвесторларының бірі: соңғы 20 жылда инвестиция көлемі 36 млрд доллардан асты. Бүгінде елімізде швейцариялық капиталы бар 400-ге жуық компания жұмыс жасайды.
2026 жылғы 14 қазанда Астанада Дүниежүзілік стандарттар күніне орайластырылған дөңгелек үстел өтті. Қатысушылар ұлттық стандарттау жүйесін дамыту, отандық өндірушілерді қолдау, инновациялық технологияларды енгізу және Қазақстанның экспорттық әлеуетін кеңейту мәселелерін талқылады.
Кездесу барысында стандарттау саласындағы жұмыс нәтижелері таныстырылып, сондай-ақ саланың одан әрі дамуының негізгі басымдықтары белгіленді.
ҚР СИМ Техникалық реттеу және метрология комитетінің төрағасы Жанна Есенбекова атап өткендей, бүгінде стандарттаудың рөлі едәуір артып, елдің технологиялық және экономикалық дамуының маңызды құралдарының біріне айналуда.
«Бүгінде стандарттау тек дайын өнімге қойылатын талаптар жүйесі болудан қалуда. Ол технологиялық дамудың, өндірісті, инвестицияларды және жаңа нарықтарды қолдаудың құралына айналуда. Біз қалыптасқан тәжірибені бекітетін стандарттан, технологиялардың дамуына алдын ала жағдай жасайтын стандартқа көшіп жатырмыз», - деп баса айтты Жанна Есенбекова.
Басымдықтардың бірі инвестициялық жобаларды ерте кезеңдерде сүйемелдеу болып қала береді. Өндірісті дайындау кезінде-ақ кәсіпорындарға техникалық талаптарды пысықтауға, стандарттарды таңдауға және сапаны қамтамасыз ету үшін қажетті инфрақұрылымды анықтауға көмек көрсетіледі.
Мұнай-химия саласында заманауи өндіріс технологияларын ескере отырып, көпқабатты полиэтилен үлдіріне стандарт әзірленуде. Сондай-ақ ҚазСтандарттың Alatau City үшін нормативтік базаны дайындауға қатысуы талқылануда.
Күнделікті өмірдегі өнімдер мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігіне ерекше назар аударылады. Бейнебақылау жүйелері, температураны бақылай отырып салқындатылған және мұздатылған жүктерді жеткізу, электрондық медициналық карталар мен жазбалар үшін стандарттар қабылданды. Электр қуаттау станцияларына да стандарттар бекітілді. Олар берілген электр энергиясын сенімді есепке алу үшін қажетті тексеруге және метрологиялық қамтамасыз етуге қойылатын талаптарды қарастырады.
Жасанды интеллект (ЖИ) мен ғылыми қызметке арналған нормативтік база дамуда. 2025 жылы алғаш рет ЖИ саласында жеті ұлттық стандарт бекітілді. Олар архитектураны, деректерді, тәуекелдерді басқаруды және құпиялылықты қамтиды. 2026 жылы әзірлемелердің технологиялық дайындығын бағалауды, зерттеулерді цифрландыруды және ғылыми деректермен жұмыс істеу қағидаттарын қарастыратын «Ғылыми зерттеулер және өндіріске қою» стандарты қабылданды.
Айта кетейік, бүгінде Нормативтік техникалық құжаттардың бірыңғай қоры 76 174 құжатты құрайды, оның ішінде 9 789 ұлттық стандарт бар. Ұлттық стандарттардың қолданылу деңгейі 74%-ды құрайды.
Қазақстанда пастерленген түйе сүтіне арналған ұлттық стандарт бекітілді. Стандарт өнімге қойылатын бірыңғай талаптарды белгілеп, отандық кәсіпорындардың өнім түрлерін кеңейтуіне және экспортты дамытуына бағытталған. Құжат 2026 жылғы 1 қарашадан бастап қолданысқа енгізіледі.
«Пастерленген түйе сүті. Техникалық шарттар» деп аталатын ҚР СТ 4050-2026 стандарт Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитеті төрағасының 2026 жылғы 11 қыркүйектегі № 41-НҚ бұйрығымен бекітілді.
Құжатты 2026 жылға арналған Ұлттық стандарттау жоспары аясында «ҚазСтандарт» РМК әзірледі. Өтінім беруші — «Антиген» ғылыми-өндірістік компаниясы» ЖШС.
Қазақстанда түйе сүті дәстүрлі түрде шұбат пен қымыран сияқты ашытылған сүт сусындарын дайындау үшін қолданылады. Соңғы 15–20 жылда оған деген әлемдік қызығушылық артып, одан өндірілетін өнім түрлері көбейді.
Түйе сүтінен балмұздақ пен конфитюр өндіріледі. Сондай-ақ ол кофеге қосылады. Мысалы, капучиноның бір түрі — камелчино дайындау үшін пайдаланылады. Мұндай өнімдерді өндіруде пастерленген түйе сүті қолданылады.
Жаңа стандарт өнімнің сапасы мен қауіпсіздігіне, таңбалануына, қапталуына, тасымалдануына және сақталуына қойылатын талаптарды белгілейді. Сонымен қатар құжатта ортақ терминология, өнімдерді жіктеу және олардың сипаттамаларын бағалауға арналған көрсеткіштер айқындалған.
Стандартты қолдану өндірушілерге ішкі және сыртқы нарықтарға арналған өнім түрлерін кеңейтуге мүмкіндік береді. Экспортты дамытудың перспективалы бағыттары ретінде Еуразиялық экономикалық одақ елдері, Қытай және Таяу Шығыс мемлекеттері қарастырылып отыр.
Бірыңғай талаптар қазақстандық өндірушілерді қолдауға және олардың бәсекеге қабілеттілігін арттыруға бағытталған. Бұл бағытты дамыту экспорттық өнім түрлерін көбейтіп, өнімдердің шетелде танымалдығын арттыруға да мүмкіндік береді.
19 қыркүйектен бастап Қазақстанның барлық облысында отандық өндірушілерді қолдау және халықты қолжетімді азық-түлік өнімдерімен қамтамасыз ету мақсатында «Дала дәмі» ауыл шаруашылығы жәрмеңкелері өткізіліп келеді. Алғашқы үш аптада 13 мың тоннадан астам өнім сатылды. Жәрмеңкелер демалыс күндері ұйымдастырылып, жыл бойы тұрақты түрде жалғасады.
Тек осы аптада еліміздің түкпір-түкпірінде ұйымдастырылған жәрмеңкелерде 3,5 мың тонна азық-түлік өнімі ұсынылды. Оның негізгі бөлігін көкөністер мен бақша дақылдары – 1,7 мың тонна, ет және ет өнімдері – 785 тонна, сүт өнімдері – 285 тонна құрайды. Сонымен қатар сауда орындарында құс еті, балық, жеміс-жидек, бакалея өнімдері, ұн, нан, макарон өнімдері және басқа да азық-түлік тауарлары сатылуда.
Отандық фермерлердің өнімдерін тікелей жеткізу және делдалдар санын қысқарту нәтижесінде жәрмеңкелердегі бағалар нарықтағы орташа бағадан шамамен 20%-ға төмен. Сонымен қатар мұндай сауда алаңдары еліміздің әр өңіріндегі ауыл шаруашылығы өндірушілеріне өз өнімдерін сатуға, тұтынушылармен тікелей байланыс орнатуға және өңіраралық сауда қатынастарын дамытуға мүмкіндік береді.
Осы демалыс күндері Астана тұрғындары мен қонақтары Түркістан және Батыс Қазақстан облыстарының ауыл шаруашылығы өндірушілері ұсынған өнімдерді сатып ала алады. Елордаға 600 тоннадан астам ауыл шаруашылығы өнімі жеткізілді. Оның ішінде Түркістан облысынан 60 тонна ет және ет өнімдері, 260 тонна көкөніс пен жеміс-жидек, сондай-ақ 60 тоннадан астам сүт және сүт өнімдері әкелінді. Ал Батыс Қазақстан облысының өндірушілері 50 тоннаға жуық ет және ет өнімдерін, 80 мың дана жұмыртқа, 11 тонна балық өнімдерін және басқа да ауыл шаруашылығы тауарларын ұсынады.
Елордада осындай жәрмеңкелерді өткізу өңірлік өндірушілер үшін өнім өткізудің қосымша мүмкіндіктерін қалыптастырып, өңіраралық сауда байланыстарын нығайтуға ықпал етеді. Сонымен қатар халықтың сапалы отандық өнімдерді қолжетімді бағамен сатып алуына жағдай жасайды.
Рим, 2026 жылдың 7 қазаны – Италия Республикасына жұмыс сапарымен барған Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев Өнеркәсіптік және экономикалық ынтымақтастық пен алмасу жөніндегі қазақстан-итальян үкіметаралық жұмыс тобының 10-отырысын өткізді. Сондай-ақ итальяндық компаниялар мен іскерлік бірлестіктердің басшыларымен бірқатар кездесу өтті.
Жұмыс тобының отырысында итальяндық тарапты Италия Республикасы Сыртқы істер және халықаралық ынтымақтастық министрінің орынбасары Эдмондо Чириелли басқарды. Тараптар бұрын қол жеткізілген келісімдердің орындалу барысына шолу жасап, сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты одан әрі кеңейту мәселелерін талқылады. Басты назар өзара саудамызды әртараптандыруға, өнеркәсіптік кооперацияны дамытуға, бірлескен инвестициялық жобаларды іске асыруға, сондай-ақ энергетика, көлік пен логистика, агроөнеркәсіп кешені және басқа да болашағы зор салалардағы өзара іс-қимылға аударылды.
2025 жылдың қорытындысы бойынша екі ел арасындағы сауданың жалпы көлемі шамамен 16,9 млрд АҚШ долларын құрады. 2026 жылдың қаңтар–шілде айларында тауар айналымы 9,79 млрд долларға жетті. Оның ішінде Қазақстанның экспорты шамамен 9 млрд доллар, Италиядан импорт 789,6 млн доллар болды. Сонымен қатар итальяндық өнімнің Қазақстанға жеткізілімі 13,5%-ға өсті.
Тараптар басты міндеттердің бірі ретінде өзара саудаға одан әрі әртараптандыруды және қосылған құны жоғары өнімнің жеткізілімін арттыруды атап өтті. Қазақстан тарапының бағалауынша, отандық өнімнің Италия нарығына қосымша экспорттау әлеуеті шамамен 307,5 млн АҚШ долларын құрайды. Ең мол мүмкіндік металлургия, мұнай-химия, тамақ және химия өнеркәсібінде, машина жасауда және басқа да салаларда бар.
Іскерлік байланысты дамытудың маңызды практикалық құралы ретінде 2026 жылдың ақпанында Алматыда ашылған Қазақстан-Италия сауда үйі атап өтілді. Бұл алаң экспортты ілгерілетуге, инвестициялық жобаларды сүйемелдеуге, өнеркәсіптік кооперацияны дамытуға және екі елдің бизнесі арасында тікелей байланыс орнатуға бағытталған.
Инвестициялық ынтымақтастыққа бөлек екпін жасалды. Бірлескен жобаларды ілгерілету үшін тараптар «Астана» халықаралық қаржы орталығының мүмкіндіктерін пайдалануға, сондай-ақ екі елдің қаржы институттары мен іскер топтарының арасындағы өзара іс-қимылды кеңейтуге мүдделі екенін білдірді.
Орта Азия мен Еуропаны жалғайтын сенімді әрі тиімді мультимодальды дәліз ретінде Транскаспий халықаралық көлік бағытын (Орта дәліз) дамытуға да көп көңіл бөлінді. Қазақстан итальяндық теміржол және логистикалық компанияларды Ақтау мен Құрық порттарының мүмкіндіктерін пайдалана отырып, бірлескен жобаларға қатысуға шақырды. Энергетика саласында тараптар дәстүрлі бағыттар бойынша ынтымақтастықты одан әрі дамытуға мүдделі екенін растады.
Агроөнеркәсіп кешенінде өсімдік шаруашылығы, астық өңдеу және мал шаруашылығы салаларындағы өзара іс-қимылдың болашағы талқыланды. Тараптар локализация деңгейін арттыру және құрамдас бөлшектер базасын дамыту бойынша жұмысты жалғастыруға келісті. Мақсат – қазақстандық құрамдас бөлшектерді жаһандық жеткізу тізбегіне кіргізу.
Сонымен қатар тараптар экология мен су ресурстарын орнықты басқару, туризм мен спорт, мәдениет пен білім салаларындағы ынтымақтастықты кеңейтуге келісті. Климаттық бастамаларға, энергия тиімділігіне, декарбонизацияға, су ресурстары саласына заманауи инженерлік және цифрлық шешімдерді енгізуге, сондай-ақ кәсіби және білім беру алмасуларын дамытуға ерекше назар аударылатын болады.
Үкіметаралық жұмыс тобының күн тәртібін практикалық тұрғыда жалғастырған сапардың іскерлік бағдарламасы болды. Итальяндық компаниялармен келіссөздердің басты тақырыбы – Қазақстан мен Италия бизнесінің практикалық өзара іс-қимылын кеңейту болды. Бұған қазақстандық өнімді ілгерілетуден және тікелей коммерциялық байланыс орнатудан бастап, инвестиция мен технология тартуға, бірлескен жобаларды іске асыруға дейінгі мәселелер кірді.
Келіссөздердің едәуір бөлігі итальяндық және еуропалық бизнесті Қазақстандағы инвестициялық және өнеркәсіптік жобаларды іске асыруға тартуға арналды. Blacktrace және Value Partners өкілдерімен нақты жобалар пулын қалыптастыру, оларға инвесторларды, технологиялық және инжиниринг серіктестерін тарту мүмкіндіктері қаралды. Перспективалы бағыттар қатарында сын материалдар мен сирек жер металдарын терең өңдеу, Орта дәліздің логистикалық инфрақұрылымын дамыту, су үнемдеу технологиялары, деректерді өңдеу орталықтары және жасанды интеллект инфрақұрылымы аталды.
Сонымен бірге қазақстандық тарап инвестиция мен мердігер ұйымдарды тартуға ғана емес, сондай-ақ өндірістік кооперацияны тереңдетуге де мүдделі екенін жеткізді. Атап айтқанда, инженерлік құзыреттер мен технологияларды локализациялауға, отандық мердігерлердің қатысуына, кадр даярлауға және қазақстандық үлесті бірте-бірте арттыруға мән берілді. Келесі практикалық қадам ретінде бірнеше пилоттық жобаны анықтап, олар бойынша ынтымақтастықтың нақты модельдерін қалыптастыру ұсынылды.
Іскерлік бағдарламаның тағы бір маңызды бағыты – қазақстандық өндірушілердің Италия нарығына шығуының жаңа арналарын құру болды. Crai Mediterranea компаниясымен келіссөз барысында қазақстандық азық-түлік өнімін итальяндық бөлшек сауда желілеріне тікелей жеткізу мүмкіндігі қаралды.
Перспективалы санаттар қатарында өсімдік майлары, бал, кондитерлік, дәнді және ұн өнімдері, бұршақ тұқымдастар мен органикалық тауарлар аталды. Практикалық тетік ретінде жекелеген дүкендерде қазақстандық өнімнің пилоттық сөресін іске қосып, кейін Gruppo CRAI желісі арқылы жеткізілімді кеңейту ұсынылды. Сондай-ақ қазақстандық кәсіпорындардың итальяндық топтың өзінің сауда белгілерімен өнім шығару мүмкіндігі де талқыланды.
Экспорт тақырыбы ASSOEBIOS ұйымымен келіссөзде жалғасты. Ұйым орнықты биосұйықтықтар саласындағы итальяндық электр энергетикасы операторларының мүддесін білдіреді. Итальян тарапы қазақстандық ауыл шаруашылығы шикізатын кейіннен өңдеп, биоэнергетикада пайдалану үшін сатып алуға қызығушылық танытты. Күнбағыс, рапс және олардың өңдеу өнімдерін, оның ішінде өсімдік майларын қоса алғанда, майлы дақылдарды жеткізуге мүмкіндік бар.
Ірі инвестициялық және экспорттық бастамалармен қатар, Қазақстан нарығына жаңа технологиялық бизнес-модельдерді шығару мүмкіндіктері де талқыланды. CoolXp компаниясымен Қазақстанды компанияның Орталық Азиядағы бизнесін кейіннен ауқымдау үшін пилоттық нарық ретінде пайдалану перспективасы қаралды. Бірінші кезеңде жабдықты Астана мен Алматыда сынақтан өткізу, одан әрі қажетті көлемге жеткенде сервистік қызмет көрсетуді, шығыс материалдарын және жекелеген құрамдас бөлшектерді кезең-кезеңімен локализациялауды қарастыру ұсынылды.
Екі елдің кәсіпкерлері арасындағы жүйелі өзара іс-қимыл мәселелері Италия-Қазақстан сауда палатасының басшылығымен де талқыланды. Тараптар тікелей іскерлік байланысты кеңейтудің, қазақстандық компанияларға Италия нарығына шығуға жәрдемдесудің және Қазақстан мен Италияның бизнес қауымдастықтары арасындағы байланысты нығайтудың маңыздылығын атап өтті.
Кездесулер қорытындысы бойынша тараптар аталған бастамаларды практикалық арнаға көшіруге келісті. Атап айтқанда, нақты жобалар мен әлеуетті серіктестерді айқындау, компаниялар арасында тікелей келіссөз ұйымдастыру және ынтымақтастықтың мүмкін форматтарын пысықтауды жалғастыру көзделіп отыр. Сауда және интеграция министрлігі QazTrade-пен бірлесіп, қол жеткізілген келісімдерді одан әрі жүзеге асыру үшін мемлекеттік органдармен, даму институттарымен және қазақстандық бизнеспен қажетті байланыс орнатуға жәрдемдесуге дайын.
2026 жылғы 6 қазанда Бір тараптан Еуразиялық экономикалық одақ пен оған мүше мемлекеттер және екінші тараптан Біріккен Араб Әмірліктері арасындағы экономикалық әріптестік туралы келісім күшіне енді (бұдан әрі – Келісім).
Анықтама ретінде: Келісімге 2025 жылы 27 маусымда Санкт-Петербург қаласында қол қойылды.Келісім Қазақстан Республикасының 2026 жылғы
8 шілдедегі № 338-VIII ҚРЗ Заңыменратификацияланды.
Келісімнің негізгі мақсаты – тауарноменклатурасының 85%-дан астамына қатысты импорттық кедендік баждарды өзара алып тастау және азайту, сондай-ақ тараптар арасындағы сауданы жеңілдету болып табылады.
Әмірлік нарығының ашылуы қазақстандық экспорттаушыларға БАӘ-ге ауыл шаруашылығы және өнеркәсіп өнімдерінің мынандай санаттарын бажсыз жеткізуге мүмкіндік қамтамасыз етеді: қой еті, кептірілген бұршақ көкөністері, тауық еті, ІҚМ еті, басқа да
азық-түлік өнімдері, қант қосылған минералды су, бидай ұны, кондитерлік өнімдер, өнеркәсіп тауарлары үшін: мұнай және мұнай өнімдері, тазартылған мыс, ыстықтай илектелген жалпақ прокат, суықтай илектелген жалпақ прокат, шыбықтар, крандар, клапандар, клапандар, МТС бөлшектері, сорғылар және т.б.
Импорттық кедендік баждардың күшін жою мен төмендетуден басқа, Келісімде кедендік ынтымақтастық, сауданы қорғау шаралары, тауарлардың шығу тегін айқындау, СТҚ, СФС, зияткерлік меншік туралы ережелер, сондай-ақ құқықтық және институционалдық мәселелер бойынша тиісті тараулар және салалық ынтымақтастықты дамыту, шағын және орта бизнестің, электронды сауданың және
т.б. салалардағы уағдаластықтар қарастырылған.
Сауданың толық форматты преференциялық режимін қалыптастыру, келісім аясындағы мәселелердің кең ауқымын реттеу өзара сауданың әлеуетін іске асыруға және Қазақстанның БАӘ-мен сауда-экономикалық қатынастарын сапалы жаңа деңгейге шығаруға мүмкіндік береді.
Толығық мәтіні https://eec.eaeunion.org сайтында қолжетімді.