Осы арқылы «Электрондық үкімет порталының» «Ашық Үкімет», «Ашық НҚА» бөлімдерінде жария талқылау үшін «Әкету кедендік бажы қолданылатын тауарлар тізбесін, мөлшерлемелер көлемін және олардың қолданылу мерзімін және Шикі мұнай мен мұнай өнімдеріне әкету кедендік бажы мөлшерлемелерінің көлемін есептеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2016 жылғы 17 ақпандағы № 81 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрі бұйрығының жобасы жарияланғанын хабарлаймыз.
Бұйрық жобасында 2028 жылғы 31 мамырға дейінгі мерзімге тері (ЕАЭО СЭҚ ТН 4101, 4102, 4103 кодтары) мен жүнді (ЕАЭО СЭҚ ТН 5101-5103, 5104 00 000 0 кодтары) әкетуге экспорттық кедендік баждарды жою көзделген.
Барлық мүдделі тараптар келесі сілтеме бойынша өтіп, жоғарыда көрсетілген бұйрық жобасын 2025 жылдың 13 мамырға дейін талқылауға қатыса алады: https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15518144.