
Министрлік жыл сайын екі рет Еуразиялық экономикалық комиссияда (ЕЭК) азаматтардың бос лауазымдарға орналасуына біліктілік іріктеуін жариялайды.
Еуразиялық экономикалық комиссия қызметкерлердің бос лауазымдарына орналасуға кандидаттарды біліктілік іріктеу тәртібі Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Сауда және интеграция министрінің 2022 жылғы 4 шілдедегі № 280-НҚ бұйрығымен бекітілген «Еуразиялық экономикалық комиссия қызметкерлерінің бос лауазымдарына орналасуға кандидаттарды біліктілік іріктеу қағидаларына» сәйкес өткізілді.
Біліктілік іріктеу ЕЭК өткізетін бос лауазымдарға орналасуға конкурстық іріктеуге қатысуға ниет білдірген Қазақстан Республикасының азаматтары ішіненжүргізіледі.
18 жасқа толған азаматтардың конкурсқа қатысуға құқығы бар.
Конкурсқа қатысу үшін ниет білдірушілер тиісті құжаттарды «Іріктеуге қатысу» деген белгімен a.argyn@mti.gov.kz, a.tynysbaev@mti.gov.kz электрондық адрестеріне жолдау қажет болған.
Биылғы жылы бұл құжаттар мен өтініштерді қабылдау 2025 жылдың 5 ақпанынан 31 наурызына дейін өткен алғашқы біліктілік іріктеуі болды.
Министрлікке ЕЭК хаттама және ұйымдастырушылық қамтамасыз ету департаментінің бөлім бастығы лауазымына конкурсқа қатысуға ниет білдірген кандидаттың құжаттары келді.
Жоғарыда аталған лауазымға кандидатпен әңгімелесу 2025 жылғы 17 сәуірде сағат 11:00-де өтеді.