
Экспорттаушылардың шығындарының бір бөлігін өтеуге өтінімдерді қабылдау 12 наурыздан бастап ашық және 1 маусымда аяқталуы тиіс еді. Алайда, короновирустық инфекцияның ел аумағында, сондай-ақ бүкіл әлемде таралуына байланысты қабылдау мерзімі ағымдағы жылдың 23 қарашасына дейін ұзартылды.
Шығындардың бір бөлігін өтеу индустриялық-инновациялық қызмет субъектілеріне отандық өңделген тауарларды ілгерілету бойынша шығындар ішінара өтелетін отандық өңделген тауарлар тізбесі (бұдан әрі – тізбе) негізінде және ағымдағы қаржы жылына арналған республикалық бюджетте осы мақсаттарға көзделген қаражат шегінде беріледі.
Отандық өңделген тауарларды сыртқы нарықтарға ілгерілету бойынша индустриялық-инновациялық қызмет субъектілері шығындарының бір бөлігін өтеу бойынша мемлекеттік ынталандыру шараларын ұсыну жөніндегі оператор «QazIndustry» Қазақстандық индустрия және экспорт орталығы» АҚ болып табылады.
Экспорттаушылардың өтінімдері www.export.gov.kz веб-портал арқылы қабылданады.
Өтінімдерді қарау мерзімі – өтінімдерді қабылдағаннан және тіркегеннен кейін 7 жұмыс күні, одан кейін Оператор индустриялық-инновациялық қызмет субъектілері шығындарының бір бөлігін өтеуді алуға арналған өтінімнің түйіндемесін дайындайды.
Толық ақпарат алу үшін сілтеме бойынша өтіңіз https://www.gov.kz/memleket/entities/mti/documents/details/61377?lang=kk