Пандемия кезеңінде өлшем бірлігін қамтамасыз ету жөніндегі уақытша шаралар туралы

Пандемия кезеңінде өлшем бірлігін қамтамасыз ету жөніндегі уақытша шаралар туралы

Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитеті (ТРМК) коронавирустық инфекцияның (COVID-19) таралуына байланысты өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласында уақытша шаралар қабылдады.

Мәселен, Комитет тексеру/калибрлеу туралы сертификаттардың қолданылу мерзімі төтенше жағдай/карантин кезеңінде аяқталған эталондар мен өлшеу құралдарын қолдануға рұқсат беру туралы шешім қабылдады.

Өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласында мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде бизнес-процестерді оңтайландыру және автоматтандыру бойынша жұмыс жүргізілуде. Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Мемлекеттік қызмет көрсетуді жеңілдету бойынша 4 жол картасын бекітті:

- «Өлшем құралдарының типін бекіту туралы сертификат беру» және «Өлшем құралдарын метрологиялық аттестаттау туралы сертификат беру»;

- «Шетелде шығарылған стандартты үлгіні қолдануға рұқсат ету»;

- «Мемлекеттік стандартты үлгіні бекіту»;

- «Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы елдерінде әзірленген және аттестатталған өлшемдерді орындау әдістемесін Қазақстан Республикасының мемлекеттік өлшем жүйесі тізілімінде тіркеу».

Жол карталарында толық автоматтандыруға көшу және талап етілетін құжаттарды алып тастау және мерзімдерді 10-нан 1-ші жұмыс күніне дейін қысқарту көзделген.

Бұдан басқа, мемлекеттік қызмет көрсету бойынша жұмыстар үздіксіз жүргізілуде. 2020 жылғы 15 наурыздан бастап бүгінгі күнге дейін өлшем құралдарының түрін бекіту туралы 116 сертификат және метрологиялық аттестаттау туралы 129 сертификат берілді.

Сонымен бірге, өлшем құралдары болып табылатын медициналық бұйымдарды айналысқа жіберу бойынша оңайлатылған рәсімдер қабылданды. Бұл рәсімдер Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы №2298 қаулысында көрсетілген пандемия жағдайында ізгілік көмек ретінде әкелінген мемлекеттік метрологиялық бақылау саласында қолдану мақсатында қабылданды.

Жалпы Сауда және интеграция министрлігі қызметтің барлық бағыттары бойынша дағдарысқа қарсы шаралар қабылдау бойынша жұмыс жүргізуде.