Самарқанд қаласында Өңіраралық ынтымақтастық форумы аясында Қазақстаннан 70 экспорттаушы қатысқан сауда-экономикалық миссия ұйымдастырылды.
«Өздеріңізге белгілі, екі елдің президенттері ортамерзімді перспективада тауар айналымын $10 млрд-қа дейін жеткізу туралы ауқымды міндет қойды. Біз өңіраралық ынтымақтастыққа үлкен мән береміз. Форум аясында біздің өңірлер Өзбекстан өңірлерімен тиісті келісімдерге қол қойды. Сондай-ақ бүгін біз тауар айналымын арттыру бойынша Тәжірибелік іс-шаралар жоспарына қол қойдық. Мұның бәрі біздің екі ел арасындағы қарым-қатынасы, жалпы, өңірлер экономикасын ілгерілетудің қозғаушы күші болуға бағытталған», — деді Арман Шаққалиев.