
Үндістанның төрт аккредиттеу органының бірінің бас директоры-ILAC MRA келісіміне қол қоюшы – «Quality and Accreditation Institute» Dr. Bhupendra Kumar Rana Астанаға ISO 7101:2023 халықаралық стандартына семинар өткізу мақсатымен келген. Семинар ISO 7101:2023 халықаралық стандартына сәйкес медицинадағы сапа менеджментіне арналған «Денсаулық сақтау ұйымдарының сапа менеджменті жүйелері. Талаптар».
Семинар ҚР сауда және интеграция министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитетінің қолдауымен Ұлттық аккредиттеу орталығының бастамасымен Қазақстанның медициналық қоғамдастығының медициналық қызметтер сапасы саласындағы ең үздік тәжірибелерді енгізуге қызығушылығын арттыру және танымал ету үшін бастамашылық жасады. Семинарға 20 тыңдаушы қатысады.
Семинарға ҚР сауда және интеграция министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитетінің қолдауымен Ұлттық аккредиттеу орталығы Қазақстанның медициналық қоғамдастығының медициналық қызметтер сапасы саласындағы үздік тәжірибелерді енгізуге қызығушылығын арттыру үшін бастамашылық жасады. Семинарға 20 тыңдаушы қатысады.
ISO 7101: 2023 халықаралық стандарты 2023 жылдың қазан айында жарияланды. Оның негізі ISO 9001:2015 стандартының мазмұны болып табылады, бірақ ондағы ISO 9001 талаптары Денсаулық сақтау ұйымдарының ерекшеліктеріне қатысты кеңейтіліп, нақтыланған.
Доктор Б. Рана Үндістанда 2003 жылы СМЖ жаһандық стандарттарын медициналық бағытқа бейімдей бастаған алғашқы адам болды. Оның артында ДДҰ және Дүниежүзілік Банк сияқты ұйымдармен ынтымақтастық бар, онда ол заманауи сапа менеджменті жүйелерін құруға көмектесті.
– ISO 7101 стандарты дәрігерлер мен халықтың денсаулық сақтаудағы менеджментті дұрыс ұйымдастырудағы көмекшісі болып табылады, – деді ҰАО бас директорының м.а. Ержан Қарасаев.
– Біз Үндістаннан келген серіктесімізді сапалы медициналық қызметтерді ілгерілету тәжірибесін егжей-тегжейлі түсіндіруге және бөлісуге арнайы шақырдық.
Денсаулық сақтау мекемелерінің СМЖ-нің ISO 7101: 2023 сәйкестігіне аккредиттелуі медициналық мекемелердің мамандануына және меншік нысанына қарамастан: ауруханалар, стоматология, алғашқы медициналық-санитарлық көмек орталықтары, қарттар үйлері, хоспистер, клиникалар және т.б. қызметіне сенімділікті арттыруға ықпал етеді. Оқыту барысында денсаулық сақтаудағы сапа жүйесінің барлық аспектілері қарастырылады.
Семинар екі күнге созылады. Нәтижелер бойынша қатысушылар ISO 7101 бойынша СМЖ енгізу үшін де, осы өзекті схема бойынша денсаулық сақтау ұйымдарын аккредиттеу үшін де қажетті білім алады.