Бақыт Сұлтанов Құрбан айт мерекесімен құттықтады

Бақыт Сұлтанов Құрбан айт мерекесімен құттықтады

Қазақстан Республикасының сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов елорда тұрғындары мен қонақтарын Құрбан айт мерекесімен құттықтады.

Құрметті достар!

Құрметті отандастар!

 

Сіздерді Құрбан айт мерекесімен құттықтаймын! Бұл мұсылмандардың ең маңызды ауқымды екі мерекелерінің бірі.

Құрбан айт адам өміріне баға жетпейтінін және қасиетті екенін көрсетеді. Коронавирус індеті өмірдің қаншалықты бағалы екенін тағы бір мәрте еске салды.

Жарты жылдан астам уақыт бойы бүкіл әлем және біздің еліміз вирусқа қарсы күресуде. Қазақстанның барлық күштері, мемлекеттің барлық ресурстары қазақстандықтардың өмірі мен денсаулығын сақтауға бағытталған. Бәріміз бірігіп инфекцияны жеңе алатынымызға сенімдімін!

Барлық қазақстандықтарды қасиетті Құрбан айт мерекесімен құттықтаймын!

Барлығымызға денсаулық пен амандық тілеймін!