
Сауда және интеграция министрлігі құрылған сәттен бастап ішкі нарықта тауарлардың сапасын арттыруды қамтамасыз ету бойынша жұмыс күшейтілді. Осы мақсатта сертификаттау және сынау қызметтерін көрсету бойынша «жосықсыз» компанияларды анықтау мақсатында өнімді сертификаттау саласында тәртіп орнату бойынша кешенді жұмыс жүргізіліп жатыр.
Нәтижесінде, бүгінгі күні ЕАЭО елдерінің өнімдерін сертификаттау жөніндегі органдары берген сәйкестікті растау жөніндегі 1009 құжаттың күші жойылды, осылайша 1 млрд теңгеден астам сомаға қауіпті өнімді әкелуге тыйым салынды.
Бұдан басқа, 2020 жылдың 1 жартыжылдығында 62 бақылау субъектісі тексерулермен қамтылды, оның 35-і теріс нәтижелермен аяқталды. Бұдан басқа, өзге де мемлекеттік органдармен бірлескен тексерулердің нәтижелері бойынша 94 бақылау субъектісі тексерілді, олардың 43-і теріс нәтижелермен аяқталды. Нәтижесінде 37 млн. теңгеден астам сомаға айыппұл салынды.
Сондай-ақ, аккредиттеу субъектілерінің қызметіне мониторинг жүргізу шеңберінде 2019 жылғы маусымнан бастап 2020 жылғы маусымға дейін 97 органның (аккредиттеу субъектілерінің) аккредиттеу аттестаттары кері қайтарып алынды.
Бас прокуратураның ұсынысы бойынша аккредиттеу субъектілерінің қызметіне мониторинг күшейтілді, сот актілері мен қаулылары бойынша аккредиттеудің 7 субъектісіне қатысты аккредиттеу аттестаттары тоқтатылды, аккредиттеудің 54 субъектісімен шарттар бұзылды.
Бұдан басқа, нарықтағы өнімдер мен қызметтердің қауіпсіздігі мен сапасын бақылауды қамтамасыз ету мақсатында министрлік мынадай жүйелі шаралар қабылдады:
Осы жұмыстарды министрлік тұрақты негізде жүргізеді.