Сауда және интеграция министрлігі: азық-түлік бағасының өсу қарқыны төмендеуде

Сауда және интеграция министрлігі: азық-түлік бағасының өсу қарқыны төмендеуде

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Сауда және интеграция вице-министрі А. Асқарұлы «жаңа өнімнің келуі, жеміс-жидек пен көкөністердің пайдасына сүт және ет өнімдеріне сұраныстың азаюы, азық-түлікті шығару бойынша бірқатар тыйымдарды енгізу бағаның өсу қарқынының төмендеуіне әсер етті», - деп атап өтті.

«Төтенше жағдай кезінде шекті бағаларды белгілеумен қатар бағаны ұстаудың пәрменді құралдары «айналым схемасы», «тұрақтандыру қорларын қалыптастыру», ойластырылған логистика және жеткізу тізбегін цифрландыру болып табылады», - деді Асқарұлы.

Ол жыл басынан бері әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаны ұстап тұру бойынша сауда желілеріне «айналым схемасының» жеңілдетілген қарыздарын қаржыландыруға жергілікті бюджеттерден 17,42 млрд.теңге бөлінгенін хабарлады.

Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар қазірдің өзінде тұрақтандыру қорларына 35 мың тонна азық-түлік тауарларын қалыптастырды, сондай-ақ тұрақтандыру қорларына 7 мың тоннаға жуық азық-түлік тауарларын жеткізуге форвардтық шарттар жасалды.

«Азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі сәйкессіздіктерді шешуге және азық-түлік тауарларының түпкілікті бағасын төмендетуге бағытталған» тиімді сауда логистикасын дамыту мақсатында Сауда және интеграция министрлігі Ұлттық тауар өткізу жүйесін құруға бастама жасады.