
2024 жылғы 12 шілдеде Астанада тауарлар мен қызметтер экспортын дамытуға арналған кездесу өтеді.
Іс-шараның ұйымдастырушысы – Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің қолдауымен «QazTrade» АҚ.
Кездесуде экспорттаушыларға экспорттық қызметті табысты дамытуға көмектесетін негізгі мәселелер талқыланады:
• Экспорттық стратегия және жоспарлау
• Өнімді халықаралық нарықтарға жылжыту
• Логистиканы оңтайландыру
• Экспортты қолдау шаралары
• Агроөнеркәсіптік экспортты дамыту
Бұл өзекті ақпарат алуға, тәжірибе алмасуға және пайдалы байланыстар орнатуға бірегей мүмкіндік.
Барлық экспорттаушыларды осы маңызды іс-шараға қатысуға шақырамыз!
Іс-шара «EXPO» Халықаралық көрме орталығында өтеді, мекенжайы: Астана қ., Мәнгілік ел даңғылы 53/1.
Барлық сұрақтар бойынша хабарласыңыз: 8 778 674 88 47, 8 775 371 04 27.