Сауда министрлігі жүйесіндегі бейтараптық туралы декларацияға қол қойылды

Сауда министрлігі жүйесіндегі бейтараптық туралы декларацияға қол қойылды

2024 жылғы 12 маусымда ҚР Сауда және интеграция министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитетінің төрайымы Жанна Есенбекова Ұлттық аккредиттеу орталығы қызметінің ашықтығы мен тәуелсіздігін реттейтін бейтараптық туралы декларациясына қол қойды.

Бұл қадам ISO/IEC 17011 халықаралық стандартың аясында қабылданған «Сәйкестікті бағалау. Сәйкестікті бағалау жөніндегі органдарға қатысты аккредиттеу талаптарының бірі болып табылады.

Бейтараптық туралы декларацияға қол қою ТРМК-ның аккредиттеу және сәйкестікті бағалау саласындағы кәсіби стандарттар мен қағидаттарды қолдаудағы қағидаттың ұстанымын көрсетеді. Бұл әрекет ТРМК-ның халықаралық стандарттар талаптарын сақтауға және орындауға дайындығы болып табылады.

Бейтараптық туралы декларация Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген ҰАО тәуелсіздігін мойындайды және құрметтейді. Сондай-ақ, ТРМК ҰАО жүргізетін аккредиттеу жұмыстарына, оның ішінде аккредиттеуге байланысты мәселелер бойынша шешім қабылдау үдерісіне араласпайды. Бұдан басқа, ТРМК ҰАО қызметкерлеріне қысым көрсетпейді және ҰАО тәуелсіздігі мен бейтараптығына күмән келтіретін қандай да бір іс-қимыл жасамайды

Бейтараптық туралы декларацияға қол қою ТРМК-нің өз қызметінде кәсібилік пен әдептіліктің жоғары стандарттарын қолдауға ұмтылысын көрсетеді.