Министрлікке қарасты мекемелік ұйымдарда сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты іске асыру

Министрлікке қарасты мекемелік ұйымдарда сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты іске асыру

Ағымдағы жылдың 26 сәуірінде «Ұлттық аккредиттеу орталығы» РМК-ның алаңында Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігімен бірлесіп «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат» тақырыбында семинар өтті.

Семинарға ұйымдардың, Алматы қаласының Ұлттық аккредиттеу орталығының филиалы және «QazTrade» ССДО» АҚ қызметкерлері қатысты.

«Семинар «Квазимемлекеттік сектор субъектілеріндегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс» № 3 жобасын іске асыру, сондай-ақ бұзушылық жағдайларын болдырмау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнама талаптарын сақтау мақсатында ұйымдастырылды», - деп түсіндірді министрліктің Әдеп жөніндегі уәкілі Әзиза Нұрпейісова.

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің превенция қызметінің офицері Аслан Айдарханов тыңдаушыларға сыбайлас жемқорлық ұғымы, сыбайлас жемқорлықтың түрлері және олар үшін жауапкершілік туралы еске салып, мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының мақсаттары мен міндеттері туралы айтып берді. Қатысушылардың назары сыбайлас жемқорлық тізбесін кеңейтуге және олар үшін жазаны қатаңдатуға аударылды. Мәселен, ҚР СИМ-нің аффилиирленген ұйымдарының персоналы кіретін квазимемлекеттік сектордың қызметкерлері бүгінгі күні мемлекеттік қызметшілермен сыбайлас жемқорлық саласындағы бұзушылықтар үшін жауапкершілікке теңестірілген.

Сондай-ақ, аудиторияның назары Қазақстанда мемлекеттік басқаруға қатысы бар тұлғалардың кірістері мен шығыстары арасындағы теңгерімсіздікті анықтау жөніндегі міндеттің дәйекті түрде іске асырылып жатқанына аударылды. Бірте – бірте ел кірістерді жалпыға бірдей декларациялау мақсатына қарай жылжуда, ал бүгінгі таңда мемлекеттік сектор қызметкерлерінің міндеті-өз кірістерін уақтылы жариялау, өйткені көп ұзамай олардың декларацияны тапсырмауы нақты жауапкершілік шараларымен байланысты болады.

Семинарда Қазақстан Ресупбликасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамасына дайындалып жатқан өзгерістерге елеулі назар аударылды. Мәселен, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» заңды мүдделер қақтығысын реттеу туралы жаңа тараумен толықтыру көзделіп отыр.

ҚР СИМ-нің Техникалық реттеу және метрология комитеті төрағасының орынбасары Бауыржан Қасымов сыбайлас жемқорлық үшін басқарушы және ұйымдық-шаруашылық функциялары берілген басшылар мен тұлғалардың ғана емес, сонымен қатар мемлекеттік және квазимемлекеттік сектордың «қатардағы құрамының» мамандарының да жауапкершілігін еске салды.

ҰАО-ның бас директоры Талғат Момышев әріптестеріне сапары мен маңызды ақпараты үшін алғыс айтып, ҰАО-да қабылданып жатқан сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шаралары туралы айтып берді, қызметкерлер өздерін қызықтырған сұрақтарын қойды.

Осыған ұқсас жұмыс Министрліктің басқа ведомстволық бағынысты ұйымдарында да жүргізілетін болады.