
Отандық бизнесмендер біздің елдеріміз арасындағы сауда-экономикалық қатынастарды, туризм мен логистиканы дамытуға арналған Еревандағы Қазақстан-Армения іскерлік форумына қатысты.
Іс-шараға Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары мен бизнес-қоғамдастығының өкілдері, Армения Республикасының экономика министрі Геворг Папоян, ұзақ мерзімді қатынастарды кеңейтуге және жолға қоюға мүдделі Арменияның сауда-өнеркәсіп палаталарының, салалық қауымдастықтары мен секторалдық бірлестіктерінің басшылары қатысты.
Форумға қатысушылар Қазақстан мен Арменияның инвестициялық және бизнес мүмкіндіктерін, сондай-ақ туристік әлеуетін таныстырды. Көлік бағыттарын әртараптандыру және экспорттық-импорттық және транзиттік операцияларды ұйымдастырудың жаңа тізбектерін құру мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Форум аясында В2В кездесулер мен келіссөздер өтті, олардың қорытындысы бойынша бірқатар құжаттарға қол қойылды. Олар: