Тұтынушылардың құқықтарын қорғау: әрбір өтініш бақылауда

Тұтынушылардың құқықтарын қорғау: әрбір өтініш бақылауда

2024 жылдың 1 тоқсанында қауіпті, сапасыз өнімді анықтау және «Сапалы Өнім» жобасын іске асыру бойынша ахуалдық штаб жұмысының қорытындысы шығарылды.

ҚР Сауда және интеграция министрлігінің Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті 2024 жылғы ақпанда тұтынушылар тарапынан өнімнің қауіпсіздігі мен сапасына көптеген шағымдар түсуіне байланысты ахуалдық штабтың іс-қимыл алгоритмін әзірледі, бұл анықталған бұзушылықтарға сапалы ден қоюға мүмкіндік берді.

Осылайша, 1-тоқсанда тұтынушылардың құқықтарын қорғау жөніндегі қоғамдық бірлестіктер келіп түскен шағымдарға жауап ретінде талдау және сараптама үшін аккредиттелген сынақ зертханаларына беру үшін тұрақты негізде сүт, шұжық, кондитерлік, консервілеу, балық және өзге де өнімдерге іріктеу жүргізді. Тоқсан қорытындысы бойынша барлық өңірлерде зертханалық зерттеулерге 233 өнім жіберілді.

Зерттеу хаттамаларына сәйкес, сатып алынған 233 өнімнің 113 түрінен немесе 48,5% таңбалау бөлігінде бұзушылықтар анықталды. Атап айтқанда, бірқатар үлгілерде мемлекеттік тілде тауар туралы деректер жоқ. 23 жағдайда мемлекеттік тілдегі ақпарат ұсынылды, бірақ оны сатып алушылар ыңғайлы түрде оқи алмады, бұл «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» ҚР Заңының 24-бабының 1-тармағында бекітілген тұтынушылардың құқықтарын бұзады.

«Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» ҚР Заңының 24-бабына сәйкес сатушы (дайындаушы, орындаушы) тауар (жұмыс, қызмет) туралы, сондай-ақ сатушы (дайындаушы, орындаушы) туралы ақпаратты қазақ және орыс тілдерінде беруге міндетті, егер ақпарат бір тілде немесе шет тілінде берілсе, бұл ақпарат ұсынылмаған деп есептеледі.

Анықталған бұзушылықтар бойынша 34 кәсіпкерлік субъектісі әкімшілік жауапкершілікке тартылды, «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» Заңның 6-2-бабына сәйкес 8 кәсіпкерлік субъектісінің атына әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғаусыз бұзушылықтарды жою туралы ұсынымдар жіберілді.

Өз кезегінде, Комитет санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетімен, қоғамдық ұйымдармен және «Атамекен» ҰКП-мен бірлесіп, тұрақты іріктеуге жататын тауарлардың 10 атауынан тұратын тізім қалыптастырылды, олар бойынша тұтынушылардан жиі шағымдар тіркелді.

Негізгі мақсаты тұтыну нарығына контрафактілік, бұрмаланған, қауіпті және сапасыз өнімдердің енуіне қарсы іс - қимыл болып табылатын «Сапалы Өнім» жобасына қатысты 1-тоқсанда қоғамдық бірлестіктердің күшімен Сапалы Өнім тұтынушыларының құқықтары қоғамдық қоры құрылды.

Ішкі нарықты, отандық өндірушілерді және тұтынушылардың құқықтарын қорғау жөніндегі іс-қимылдарды үйлестіруді қамтамасыз ету үшін 16 өңірде Қор, тұтынушылардың құқықтарын қорғау жөніндегі қоғамдық бірлестіктер, отандық өндірушілер мен жергілікті мәслихаттар депутаттары арасында меморандумдар жасалды.

Нақтыланған мәліметтер бойынша, жыл басынан бері жүйеге қатысушылардың атына тұтынушылардың 11877 өтініші келіп түскен. Бұл ретте келіп түскен өтініштер саны 2023 жылға қарағанда 203% - ға өсті, былтыр 5840 өтініш қабылданған. Аталған өтініштердің барлығы қаралды, оның ішінде е-Оtinish және Documentolog (ОДО) жүйесі арқылы – 2210, «Жедел желі» арналары арқылы - 798. Сондай-ақ, Комитет  жанынан азаматтардың өтініштерін қабылдау және қарау бойынша 87172 74-98-32,74-98-36, 75-06-49 Call-орталығы ұйымдастырылды. Бірінші тоқсанның қорытындысы бойынша 798 өтініш бойынша кеңес берілді.