Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте алдын алу шараларына басты назар аударылды

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте алдын алу шараларына басты назар аударылды

ҚР Cауда және интеграция министрлігінде ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің қолдауымен «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың талаптары және мемлекеттік қызметшілердің әдеп нормаларын сақтауы» тақырыбында кезекті түсіндіру семинары өтті.

Министрліктің 40 аумақтық департаментінің қызметкерлері мен басшылары үшін Агенттіктің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру басқармасының басшысы Мирас Қарғабай сөз сөйледі.

Іс-шараға қатысушыларға Агенттік жүргізіп жатқан реформалар, сыбайлас жемқорлық үшін жауапкершілікті күшейту, жазаның бұлтартпастығы туралы айтылды. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметте жұмыстың негізгі бөлігі алдын алу шараларына бағытталғанын да атап өтті. Сонымен, семинарға қатысушылар мемлекеттік қызметшілер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру үшін тергеу изоляторларына экскурсиялар жасау тәжірибесі туралы нақтылады.

Мирас Қарғабайдың айтуынша, мұндай тәжірибе қолданылады және тиімді алдын алу әдісі болып табылады. Ол үшін Агенттіктің аумақтық департаменттеріне хат жолдау қажет.

Мереке алдындағы кезеңде мемлекеттік қызметшілерге заңсыз материалдық сыйақы алуға тыйым салу туралы да еске салынды. Сыйлықтың құны
2 АЕК-тен аспауы керек. ӘҚБтК-нің 677-бабын бұзғаны үшін 600 АЕК мөлшерінде айыппұл салынады.

Агенттіктің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру басқармасының басшысы Мирас Қарғабай сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактілері анықталған жағдайда 1424 нөмірі бойынша сall-орталық жұмыс істейтінін атап өтті. Сондай-ақ, қызметкерлер оған тікелей немесе СИМ-нің Әдеп жөніндегі уәкілі Азиза Нұрпейісоваға жүгіне алады.

СИМ-нің Әдеп жөніндегі уәкілі Агенттік өкілдерімен осындай кездесулерді Министрліктің аумақтық органдары мен бөлімшелерінде сыбайлас жемқорлық фактілері мен көріністерін түсіндіру және алдын алу үшін тұрақты негізде ұйымдастырады.