
Зияткерлік меншік объектілеріне құқықтарды қорғау – қазіргі заманғы мемлекеттің маңызды құрамдас бөлігі.
Қазақстанда бұл сала белсенді түрде дамып келеді және уақыт өте келе зияткерлік меншіктің құқық иелерін қорғау үшін заманауи құқықтық база қалыптасты.
Прогрестің қарқындылығы ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің алдына құқық иелерін онлайн ортада қорғауды қамтамасыз ету тұрғысынан жаңа міндеттер қояды.
«Цифрлық шекаралардың» болмауын ескере отырып, Қазақстан Республикасы ЕАЭО-ға мүше мемлекеттермен бірлесіп «win to win» қағидаты бойынша халықаралық шарт жобасын әзірлеу үшін жұмыс істеуде. Жоба Интернет желісіндегі зияткерлік меншік объектілеріне құқықтардың бұзылуымен күресуге бағытталған.
Құжат цифрлық кеңістікте зияткерлік меншікті құқықтық қорғаудың ағымдағы тетіктерін айқындайды.
ЕАЭО-ға мүше мемлекеттер құқықтарды құрметтейтін және құқық иелерін қолдайтын қауіпсіз және инновациялық онлайн ортаны құруға ұмтылады.
Қазіргі уақытта халықаралық шарт жобалану сатысында және қазақстандық тараптың мүдделерін ескере отырып пысықталуда.
Аталған шартты қабылдау 2025 жылға жоспарланып отыр.