Құрметті Шымкент қаласының тұрғындары, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері!

Құрметті Шымкент қаласының тұрғындары, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері!

2024 жылғы 19 қаңтар күні ҚР Сауда және интеграция бірінші вице-министрі Бижанова Айжан Әділқызы тұрғындарымен, бизнес өкілдерімен кездесуін және азаматтардың жеке қабылдауын өткізеді.

Негізгі іс-шаралар: Н. Назарбаев даңғылы 10, Шымкент қаласының әкімдігі, 2 қабат, үлкен зал.

Халықпен және бизнес өкілдерімен (кәсіпкерлер, қоғамдық кеңестер мен азаматтық сектор өкілдері) кездесу сағат 11.30 – 12.30;

Азаматтарды қабылдау – сағат 12.30 – 13.00.

Сіз Сауда және интеграция бірінші вице-министрімен кездесуде сұрақтарыңыз бен ұсыныстарыңызды WhatsApp-қа жібере аласыз: +7 701 786 39 19 (СИМ).

Азаматтарды қабылдауға және кездесуге жазылу үшін мына телефонға хабарласуыңызды сұраймыз: +7 701 786 39 19 (Азиза Нұрпейісова).

Ақпараттық жариялау мақсатында іс-шараларға БАҚ шақырылады. Деректер (атауы, аты-жөні) аккредиттеу үшін 19 қаңтар күні сағат 15.00-ге дейін whatsApp-қа жіберіледі: 8 705 762 71 69 (Іңкәр Қадыр - СИМ баспасөз қызметі).

Анықтама. Азаматтардың кездесулері мен қабылдауларының нәтижелері бойынша мемлекеттік органдардың басшылары құзыреті шеңберінде көтерілген проблемалық мәселелерді шешуді қамтамасыз етеді.

Мемлекеттік органдар салалық бағдарламалық құжаттар мен нормативтік құқықтық актілерге түзетулер енгізе отырып, сарапшылардың айтылған ұсыныстарын және барлық өңірлерге ортақ жүйелік проблемаларды талдауды қамтамасыз етеді.

Әрбір министрліктің өңірлік кездесулері мен азаматтарды қабылдау қорытындылары жартыжылдық негізде Үкімет отырыстарында қаралатын болады.

Азаматтарды белсенді қатысуға және Сауда және интеграцияның бірінші вице-министрі А.А. Бижановаға сұрақ қоюға шақырамыз.