Үкіметтің әлеуметтік азық-түлік бағасын тұрақтандыру тәсілдері 2023 жылы тиімді болғандығын дәлелдеді.
Өткен сенбіде үкіметте негізгі азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру жөніндегі 2023 жылды қорытындылайтын кеңес отырысы өтті. Алдын ала Үкіметтің қабылдаған шаралары өз нәтижесін бергенін көрсетеді: 11 айда азық – түлік инфляциясының деңгейі 7,5% ал жалпы-8.9% құрады.
Кеңесте Премьер-Министрдің орынбасары Серік Жұманғарин облыс басшыларына, тиісті министрліктер мен ұйымдарға нәтижелі жұмысы үшін алғысын білдіріп, келесі жылы инфляцияның жылдық деңгейін одан әрі төмендетудің негізгі міндеті тұрғанын атап өтті.
«Осы жылы сіздер жақсы жұмыс істедіңіздер, бірақ қол жеткізілген көрсеткіштер келесі жыл үшін жоғары болады. Нарық конъюнктурасын және көкөніс қорының броньнан шығарылуын мұқият қадағалаңыз, қысқы инфляцияны ұстап тұру керек, әйтпесе оны кейіннен тұрақтандыру қиын», - деп атап өтті вице-премьер.
Ауыл шаруашылығы вице-министрі Ербол Тасжүреков алдағы маусымаралық кезеңге арналған ӘКК тұрақтандыру қорларындағы негізгі азық-түлік тауарларының қорының жай-күйі туралы хабарлады. Бүгінгі күні жинақталған қор көлемі 174,1 мың тоннаны құрады: картоп – 100,6 мың тонна, пияз – 25,6 мың тонна, орамжапырақ – 22,6 мың тонна, сәбіз – 25,1 мың тонна. Бұл Ауыл шаруашылығы министрлігі ұсынған сұраныс деңгейінен 20 пайызға артық. Күріш бойынша өңірлер 18,5 мың тоннаға келісімшартқа отырды, бұл ұсынылған көлемнің 92 пайызын құрайды. Оның ішінде келісім-шарттардың 66,6 пайызы Қызылорда облысындағы тауар өндірушілермен жасалған.
«Қант бойынша ӘКК қоры 51,6 мың тоннаны құрайды, бұл ұсынылған нормадан екі есе көп. Ал 13 облыста қарақұмық бойынша қордың көлемі ұсынылған нормадан асып түседі», - деп хабарлады Ербол Тасжүреков.
Жалпы, бүгінгі таңда өңірлер айналым схемасы шеңберінде ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілермен тікелей шарттардың көлемін 70% - ға дейін жеткізді.
«Барлық өңірлер негізінен өздерінде өндірілетін өніммен толық қамтамасыз етіліп, мүмкіндігінше барлық қазақстандықтарды да барынша қамтуы керек. Жамбыл облысы – пияз, Түркістан облысы – қырыққабат, Қызылорда облысы – күріш, Шығыс Қазақстан облысы – күнбағыс майы, т.б. Биыл облыстар арасында көкөніс пен өнімдерді жеткізу бойынша тиімді көлденең байланыстар орнаттық, бұл байланыстарды одан әрі нығайту қажет. Қаңтар айында біз қорытынды кеңес өткіземіз, онда Ауыл шаруашылығы министрлігі қалыптасқан қорларды босатудың басталуына қатысты болжамдарды ұсынуы керек», - деп түйіндеді кеңесті Серік Жұманғарин.