Құрметті Солтүстік Қазақстан облысының тұрғындары, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері!

Құрметті Солтүстік Қазақстан облысының тұрғындары, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері!

2023 жылғы 21желтоқсан күні Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция Бірінші вице-министрі Бижанова Айжан Әділқызы халықпен және бизнес өкілдерімен кездесулер, брифинг және азаматтардың жеке қабылдауын өткізеді.

Негізгі іс-шаралар: Петропавл қаласы, К.Сутюшева 60 көшесі, СҚО бойынша Кәсіпкерлер палатасының ғимаратында, 4 қабат.

Халықпен және бизнес өкілдерімен (кәсіпкерлер, қоғамдық кеңестер мен азаматтық сектор өкілдері) кездесу сағат 16.30 – 17.30;

Брифинг – сағат 17.30 – 17.45

Азаматтарды қабылдау – сағат 17.45 – 18.30.

Сіз Сауда және интеграция Бірінші вице-министрімен кездесуде сұрақтарыңыз бен ұсыныстарыңызды WhatsApp-қа жібере аласыз: +7 701 786 39 19 (СИМ).

Азаматтарды қабылдауға және кездесуге жазылу үшін мына телефонға хабарласуыңызды сұраймыз: +7 701 786 39 19 (Азиза Нұрпейісова).

Ақпараттық жариялау мақсатында іс-шараларға БАҚ шақырылады. Деректер (атауы, аты-жөні)аккредиттеу үшін 20желтоқсан күні сағат 15.00-ге дейін whatsApp-қа жіберіледі: 8 705 762 71 69 (Іңкәр Қадыр - СИМ баспасөз қызметі).

Анықтама. Азаматтардың кездесулері мен қабылдауларының нәтижелері бойынша мемлекеттік органдардың басшылары құзыреті шеңберінде көтерілген проблемалық мәселелерді шешуді қамтамасыз етеді.

Мемлекеттік органдар салалық бағдарламалық құжаттар мен нормативтік құқықтық актілерге түзетулер енгізе отырып, сарапшылардың айтылған ұсыныстарын және барлық өңірлерге ортақ жүйелік проблемаларды талдауды қамтамасыз етеді.

Әрбір министрліктің өңірлік кездесулері мен азаматтарды қабылдау қорытындылары жартыжылдық негізде Үкімет отырыстарында қаралатын болады.

Азаматтарды белсенді қатысуға және Сауда және интеграцияның Біріншівице-министрі А.А.Бижановаға сұрақ қоюға шақырамыз.