Qaztrade Accelerator бағдарламасына қатысуға өтінім қабылдау басталды

Qaztrade Accelerator бағдарламасына қатысуға өтінім қабылдау басталды

Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі  Мемлекет басшысының шикізаттық емес экспортты ұлғайту, сондай-ақ қазіргі жағдайда дағдарысқа қарсы шараларды іске асыру жөніндегі тапсырмаларын орындау мақсатында шағын және орта бизнесті қолдауға бағытталған экспорттық Qaztade Accelerator бағдарламасының басталғандығы туралы хабарлайды. Аталған бағдарлама кәсіпкерлерге сервистік қолдау шараларының бірі ретінде жүзеге асырылады. Бағдарламаның операторы - «QazTrade» Сауда саясатын дамыту орталығы» АҚ.

Бағдарлама аясында экспорттық сауда жасауға мүдделі кәсіпкерлерге қолдау шараларын жинақтау көзделуде: кәсіпорынның және оның өнімдерінің әлеуетін талдаудан бастап, нарықты таңдауға, сатып алушыны табуға, маркетингтік компанияны жүргізуге және экспортқа қажетті құжаттарды әзірлеуге жәрдемдесуге дейін. Бағдарлама тегін түрде жүзеге асырылады. Алғашқы акслерациялық бағдарламаны тамақ өнеркәсібінен бастауға шешім қабылданды.

Сонымен бірге, кәсіпорындарды аталған бағдарлама туралы ақпаратпен кеңінен қамту үшін 2020 жылдың 19 мамырынан бастап аймақтар бойынша онлайн танысу сессиялары өткізілуде.

 

Толығырақ: https://www.facebook.com/qaztradeaccelerator/?modal=admin_todo_tour