
Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев «Алтын сапа» Президенттік сыйлығын марапаттау рәсіміне қатысып, дипломанттарға «Халық тұтынатын тауарлардың үздік өндірушісі» номинациясына табыстады.
Бұл номинация бойынша «ТаразКожОбувь» ЖШС жеңімпаз атанды - өндірісінің жылдық өндірістік қуаттылығы 500 мың жұп аяқ киім, «ТК Фарм Ақтөбе» ЖШС - кәсіпорын ең қажетті дәрілік заттардың кең ассортиментін шығарады. «A.V. Group» ЖШС - тігін-полиграфия өндірісіне маманданған және үш мыңнан астам өнім шығарады.
Биыл байқауға қатысуға 221 компания өтінім берді.
Естеріңізге сала кетейік, Астанада Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен жыл сайынғы «Алтын сапа» конкурсы өтуде.
Байқауда жыл сайын «Үздік өндірістік кәсіпорын», «Халыққа арналған үздік тауарлар», «Қызмет көрсету саласындағы үздік кәсіпорын» және «Үздік азық-түлік өндіруші» номинациялары бойынша марапаттар берілді.