Өңіраралық ынтымақтастық форумы аясында Қазақстан мен Ресей арасында бірқатар келісімге қол қойылды

Өңіраралық ынтымақтастық форумы аясында Қазақстан мен Ресей арасында бірқатар келісімге қол қойылды

Қостанай облысында өтіп жатқан Қазақстанмен Ресейдің өңіраралық ынтымақтастықфорумы аясында жалпы сомасы 83 млн.долларға 9 өңіраралық жәнекоммерциялық келісімге қол қойылды.

Осылайша, бірқатар бірлескен жобалардыжүзеге асыру ниеті туралы келісімге қолжеткізілді. Соның ішінде «Qyzyljar» арнайыэкономикалық аймағында ұзақ сақталатын нанөнімдерін шығаратын зауыт салу, Солтүстік Қазақстан облысында жүк көтергіш жабдықтарын жасау, Қостанай облысында сүтті өнеркәсіптік салқындату жабдықтарын жасап шығару жобалары бар. Тиісті меморандумдар мен келісімдерге екі елдің кәсіпорын басшылары қол қойды.

Сондай-ақ, Павлодар мен Омбы, Маңғыстау және Астрахань, Батыс Қазақстан мен Орынбор, Қостанай және Орынбор облыстары сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық, экологиялық, мәдени-гуманитарлық және басқа да салаларда халықаралық және сыртқы экономикалық байланыстар үшін мүмкіндік ашатын маңызды өңіраралық құжаттарға қол қойды.

Бұдан өзге, Қостанай облысының кәсіпкерлер палатасы мен «Орынбор облысының сауда-өнеркәсіп палатасы» одағы арасында ынтымақтастық туралы меморандум және «Ақмола облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» ММ мен «Ренессанс» ЖШҚ арасында орман материалын қолдану және өсіру саласындағы ынтымақтастық туралы келісімге қол жеткізілді.

Естеріңізге сала кетейік, Форум дәстүрлі түрде өтіп жатыр, ағымдағы жылғы форум тақырыбы - «Ауыл шаруашылығы – мықты экономиканың негізі».