Қазақстандық Халал өнімдерін экспорттау мүддесі үшін

Қазақстандық Халал өнімдерін экспорттау мүддесі үшін

Қазақстан Республикасының Халал-аккредиттеу нәтижелерін шетелдік тануға жәрдемдесу мәселелері бойынша келіссөздер Мекке қаласында (Сауд Арабиясы Корольдігі) тіркелген Ислам Халал органдарының Бас Ассамблеясы отырысының алаңында өтті.

2023 жылғы 2 қарашада Қазақстан Республикасы мен Сауд Арабиясы Корольдігі аккредиттеу органдары басшыларының - Талғат Момышев, ҰАО (ҚР СИМ Техникалық реттеу және метрология комитетінің Ұлттық аккредиттеу орталығы) және Адель Алкеаид (Adel Alkeaid) SAAC екіжақты кездесуі өтті.

2023 жылдың қазан айында Қазақстанда Халал өнімдері мен қызметтерінің сәйкестігін растау жөніндегі бірінші орган аккредиттеуден өтті, бұл осы орган сертификаттаған Халал маркасымен өнімдерді экспорттауға жол ашады.

ҰАО және SAAS IAF MLA көпжақты тану туралы келісімге және ILAC MRA өзара тану туралы келісімге қол қоюшылар болып табылады. Халықаралық аккредиттеу ұйымдарына өзара мүшелік Қазақстан мен Сауд Арабиясының халал аккредиттелген сертификаттарын өзара тануға жол ашады.

Кездесу барысында тараптар IFHAB аясында Халал-аккредиттеу нәтижелерін тануға жәрдемдесу бойынша бірлескен жұмыс қажеттілігін және жалпы аккредиттеу саласындағы өзара іс-қимылды талқылады. Кездесу қорытындысы бойынша Өзара түсіністік туралы меморандумға қол қою туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.