Сауда саласының қызметкерлеріне Республика күнін мерекелеу қарсаңында наградалар табыс етілді

Сауда саласының қызметкерлеріне Республика күнін мерекелеу қарсаңында наградалар табыс етілді

ҚР Сауда және интеграция министрлігінде салтанатты іс-шара өтті.

Еліміздің дамуына қосқан үлесі және мемлекеттік қызметтегі жоғары нәтижелері үшін "Құрмет" ординімен Сауда Комитетінің төрағасы Айдар Әбілдабеков, Заң қызметі департаментінің директоры Сергей Ли марапатталды. "Ерен еңбегі үшін" мемлекеттік медалімен Техникалық реттеу және метрология комитеті төрағасының орынбасары Жанна Есенбекова, Сауда-экономикалық даму департаментінің директоры Әсем Битенова, «QazTrade» АҚ Талдау және халықаралық нарықтар департаментінің директоры Ожет Шегірбаев, "QazExpoCongress" ҰК" АҚ Басқарма Төрағасының кеңесшісі Әлия Рахимова марапатталды, Электрондық коммерцияны дамыту департаменті директорының орынбасары Руслан Оразалиев, Сыртқы сауда қызметі департаменті директорының орынбасары Серік Ашитов, Кадрлық жұмыс және құжаттамалық қамтамасыз ету департаментінің орынбасары Нұргүл Жайлханова.

Сауда саласының дамуына қосқан үлесі үшін "Қазақстан Республикасының сауда желілері Одағы" Басқарма төрағасының орынбасары Эльбеги Әбдиев, "Карат" ЖШС директоры Рашид Отаров және Атырау облысының сауда ардагері Людмила Кубентаева "Еңбек сіңірген саудагер қызметі" ведомстволық медалімен марапатталды, сондай-ақ министрліктің Алғыс хатымен Техникалық реттеу және метрология жүйелеріне қатысушылардың Қазақстандық қауымдастығы» атқарушы директоры Дмитрий Савеленко марапаттады.

Жалпы Республика күніне орай мемлекеттік наградалармен, мемлекеттік және ведомстволық медальдармен, Министрліктің құрмет грамоталарымен және алғыс хаттарымен мемлекеттік органның 77 қызметкері, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері марапатталды.