
Корея тарапынан кездесуге Корея Республикасының Сауда, индустрия және энергетика министрлігінің департамент директоры, Корея Республикасы Елшілігінің кеңесшісі, KIAT атқарушы вице-президенті және KOTRA Мәскеу бас директоры қатысты.
Кездесу барысында Қазақстан - Корей сауда, инвестициялық ынтымақтастығын ілгерілету мәселелері талқыланды.
Корея Қазақстанның басым сауда-экономикалық және инвестициялық серіктестерінің бірі болып табылады. Өткен жылдың қорытындысы бойынша өзара тауар айналымы 2,3 есеге өсіп, 6,1 млрд. доллардан асты. 2023 жылдың сегіз айында Қазақстан мен Корея арасындағы тауар айналымының көлемі 4,6 млрд долларды құрап, 2022 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда (4,2 млрд доллар) 10,7%-ға өсті.
ҚР Сауда және интеграция бірінші вице-министрі Оңтүстік Корея республикамыздың экономикасына үздік 10 — инвестор елдердің қатарына кіретінін атап өтті.
Қазақстан Оңтүстік Корея нарығына жалпы сомасы 1 млрд доллардан асатын 90 өңделген тауарлар бойынша экспортты ұлғайту әлеуетіне ие. Бұл жерде металлургия, мұнай-химия, тамақ өнімдерінің өндірісі, химия және құрылыс өнеркәсібінің тауарлары туралы.
«Біздің тауар айналымымыздың құрылымында экспорт үлкен бөлігін алады, біз экспорттық қоржынды әртараптандыруға мүдделіміз. Ағымдағы жылдың қазан айында Сунчхон қаласында ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтіп, қазақстандық тауарларға сұраныс жоғары болды. Кореялық кәсіпкерлер кондитерлік өнімдер мен сусындарға басты қызығушылық танытты. Жалпы, тамақ өнеркәсібінде біз экспортты қазіргі 10 миллион доллардан 115 миллион долларға дейін арттыра аламыз», - деді ҚР Сауда және интеграция бірінші вице-министрі.
Корея Республикасының Сауда, өнеркәсіп және энергетика министрі Ан Док Гын мырза өнеркәсіптің әртүрлі салаларында, соның ішінде құрылыс, энергетика және цифрландыру бойынша одан әрі ынтымақтастықтын қажет екенін атап өтті.
Тараптар одан әрі тығыз ынтымақтастықты жалғастыру туралы келісімге келді.