ДСҰ елдері ДСҰ-ның 13 Министрлік конференциясын өткізуге дайындалуда

ДСҰ елдері ДСҰ-ның 13 Министрлік конференциясын өткізуге дайындалуда

23 қазаyда Женевада (Швейцария Конфедерациясы) Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі өкілдерінің қатысуымен ДСҰ-ға мүше елдердің (Senior Officials Meeting) жоғары деңгейдегі кездесуі басталды.

ДСҰ-ға мүше елдердің жоғары деңгейдегі отырысының мақсаты – 2024 жылдың ақпан айында Абу-Дабиде өтетін 13-ші Министрлік конференциясын тиімді өткізіп, ДСҰ шеңберіндегі өзекті мәселелерді талқылау болып табылады.

Екі күндік кездесу барысында ауыл шаруашылығын, азық-түлік қауіпсіздігін, сауданы және т.б. қолдаудың өзекті мәселелер талқыланады. Кездесулер пленарлық отырыс түрінде, секциялар бойынша жұмыстар, екіжақты кездесулер, топтық үйлестіру және ДСҰ Комитеттерінің төрағаларымен консультациялар өтеді.