ҚР Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев АҚШ-тың Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Дэниел Розенблюммен кездесті

ҚР Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев АҚШ-тың Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Дэниел Розенблюммен кездесті

Кездесу барысында Сауда және интеграция министрі АҚШ-пен сауда-экономикалық әріптестікті кеңейтуге және экспортты ұлғайтуға қызығушылығын білдірді.

«Біз сауда қатынастарының дамуына үлкен мән береміз және сауда ынтымақтастығын нығайтуға ниеттіміз. Біз экспортты ұлғайтуға мүдделіміз және IT саласындағы қазақстандық өнімді ұсынумен байланысты сауда миссияларын өткізу мүмкіндігін қарастырудамыз, сонымен бірге креативті индустрия саласында да ұсыныстарымыз бар», - ҚР сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев деді.

Айта кетейік, екі ел арасындағы тауар айналымы тұрақты өсім көрсетіп отыр. Бірінші жартыжылдықта өсім 30% құрап, 1.8 млрд долларға жетті. Өткен жылы бұл көрсеткіш 1.4 млрд долларды құрады.