Бірлескен бұйрықтың соңында Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының шекті бағалары туралы бірлескен бұйрықтың мерзімі аяқталғаны туралы баспасөз хабарламасы

Бірлескен бұйрықтың соңында Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының шекті  бағалары туралы бірлескен бұйрықтың мерзімі аяқталғаны туралы баспасөз хабарламасы

2020 жылғы 11 мамырда Қазақстан Республикасы Президентінің
2020 жылғы 15 наурыздағы № 285 Жарлығына сәйкес енгізілген төтенше жағдайдың аяқталғанын хабарлайды.

Осыған байланысты, Қазақстан Республикасындағы төтенше жағдай кезеңінде Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің 2020 жылғы 3 сәуірдегі № 63-НҚ, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 3 сәуірдегі № 113 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2020 жылғы 3 сәуірдегі № 23 «Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының шекті бөлшек сауда бағаларын енгізу туралы» бірлескен бұйрығы күшін жоғалтты.

Жоғарыда айтылғандарды ескере отырып, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларға бағаның өсуіне жол бермеу үшін әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлардың бағаларын тұрақтандыру бойынша қолданыстағы құралдар пайдаланылады.