Ашық диалог: Биржалық сауда ережелеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы интернет-конференция

Ашық диалог: Биржалық сауда ережелеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы интернет-конференция

Ү.ж. 18 қыркүйекте ҚР Сауда және интеграция министрлігі «Ашық диалог» алаңында биржалық сауда ережелеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы интернет-конференцияны өткізеді.

Интернет-конференция сағат 15.00-ден 17.00-ге дейін өтеді.

Пайдаланушылардың сұрақтарына ҚР СИМ цифрландыру департаментінің бас сарапшысы Ансар Жанатұлы Оразалиев жауап береді.

Онлайн конференцияға сілтеме: https://dialog.egov.kz/conference/3607

Интернет-конференция форматы «сұрақ-жауап» нұсқасы (бейнеконференция емес) екенін ескеруіңізді сұраймыз.

Ескертпе: интернет-конференцияға қатысу үшін ЭЦҚ көмегімен «Ашық диалог» порталына кіру не логин/пароль арқылы кіруді пайдалану қажет екенін атап өту маңызды.