Қазақстан шығыс бағыттағы сауда-саттық бойынша ынтымақтастықты жандандыруда

Қазақстан шығыс бағыттағы сауда-саттық бойынша ынтымақтастықты жандандыруда

ҚХР бизнес капитандарымен өзара іс-қимыл алгоритмі және әлеуетті бірлескен инвестициялық жобалардың Жол картасы Үкіметте әзірленбек.

Вице-премьер Серік Жұманғарин жұма күні мемлекеттік органдар мен ұлттық компаниялардың басшыларымен қазақстандық өнімді өткізудің жаңа нарықтарын ашатын елдермен ынтымақтастықты жандандыру және Қазақстанда – Қытай, Иран және Ауғанстанмен заманауи өндірістер құру мүмкіндіктерін қарастыру үшін атқарылып жатқан жұмыстар мен шараларды талқылады.

Басты назарда-Қытаймен ынтымақтастық. Жақында Премьер-Министр орынбасарының Қытайға барған сапары кезінде, металл өңдеу, электрондық коммерция, құрылыс, жаңа материалдар мен технологиялар өндірісі және агроөнеркәсіптік кешен салаларындағы ірі әлемдік көшбасшылар Қазақстанда жоғары технологиялық өндірістер құру бойынша кең перспективалар ашатын ынтымақтастықты күшейтуге ашық қызығушылық танытты.

Мемлекет басшысының жаңа Жолдауында қойылған міндет – өңдеу секторын жедел дамыту және жоғары қайта бөлу кластерлерін құру-тиімді әріптестік пен үздік тәжірибелерді енгізу арқасында сәтті қол жеткізуге болады.

«Қытай – біздің шығыстағы ең жақын көршіміз және өнімдерімізді өткізетін ең тартымды және қолжетімді нарықтардың бірі. Сапар барысында біз жеті ірі компаниямен кездесулер өткіздік, Шэньчжэньдегі дөңгелек үстелде тұқым, фосфор тыңайтқыштары, пестицидтер өндіретін қауымдастықтар, көлік, логистика, сертификаттау компаниялары өкілдерімен таныстық, олардың барлығы бірлесіп жұмыс істеуге және тәжірибе, технология, ғылыми әзірлемелермен алмасуға дайын екендерін білдірді. Енді біз ынтымақтастық бағытынан бастап жобаны Қазақстанда локализациялауға дейін әр компания бойынша өзара іс-қимыл алгоритмін пысықтау қажет. Алгоритмді пысықтау үшін Qaztrade, Kazakh Invest және «Атамекен» ҰКП өкілдерінен жұмыс тобын құруды және барлық мүдделі министрлік және ведомствомен жобалардың жол картасын құруды тапсырамын», — деді Серік Жұманғарин.

Сондай-ақ, кеңесте Қазақстан мен Иран арасындағы тауар айналымын 3 млрд АҚШ долларына дейін жеткізу жөніндегі іс-шаралар жоспарын құру барысы талқыланды. Құжат жобасы АӨК, көлік және логистика, мұнай және газ саласындағы инфрақұрылымдық жобаларды дамытуға бағытталған 30 іс-шарадан тұрады. Ол Иран тарапымен қарастырылуда. Бұл құжат ЕАЭО мен Иран арасындағы еркін сауда аймағы туралы Келісімге осы жылдың соңына дейін қол қоюға күтілу қарсағында ерекше өзекті.

Бұдан басқа, Қазақстан-ауған бизнес-форумы барысында қол қойылған келісімдерді іске асыру үшін Ауғанстанмен өзара есеп айырысу тетіктері талқыланды.