Министрлік ұжымы әріптесін зейнеткерлік демалысқа шығарып салды

Министрлік ұжымы әріптесін зейнеткерлік демалысқа шығарып салды

4 қыркүйекте ҚР Сауда және интеграция министрлігінің ұжымы Кадр жұмысы және құжаттамалық қамтамасыз ету департаментінің бас сарапшысы Гүлбарам Машырапованы құрметті демалысқа шығарып салды.

ҚР Сауда және интеграция министрі Арман Шакқалиев министрлік игілігі жолындағы атқарған жемісті жұмысы үшін ризашылығын білдіріп, әріптесімізге «Еңбек сіңірген сауда қызметкері» ведомстволық төсбелгісін табыс етті. 

Гүлбарам Машырапова министрлік құрылғалн күннен бастап қызмет етіп келеді. Басқармада мемлекеттік тілдің дамуына зор үлес қосып, қабылданған барлық заң жобалары мен нормативтік-құқықтық актілерге лингвистикалық сараптаманы сапалы және тиісті деңгейде жүргіздіп келді.

Әріптесіміз еңбек жолын орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі болып бастаған. 1999 жылы мемлекеттік қызметке орналасты. ҚР Бас прокуратурасының құқықтық қамтамасыз ету және мемлекеттік тілді енгізу департаментінде қызметке кіріскен ол ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінде қызметін жалғастырды.

Ұзақ жылғы еңбегі мен жемісті қызметі үшін 2017 жылы «Үздік мемлекеттік қызметкер» атанды.

- Бүгінде ынтымағы жарасқан ұйымшыл ұжымыммен, әріптестерімнің қолдауына ризамын. Әрбір қызметкер өз жұмысын аса жауапкершілікпен жоғары кәсіби деңгейде атқарып келеді, сол арқылы ортақ іске ауқымды үлес қосып келеді,- деді Гүлбарам Машырапова. – Әріптестеріме табыс пен еліміздің өркендеп даму жолындағы қызметтеріңізге сәттілік тілеймін!