
22 тамызда Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінде Министрлік басшылығы мен қызметкерлері Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің профилактикалық қызметінің ерекше маңызды істер жөніндегі уәкілі Жазира Жылқышиевамен кездесті.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға, әкімшілік сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар үшін жауапкершілікке және сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамаға енгізілген өзгерістерді түсіндіруге арналған кездесуде Қазақстанда сыбайлас жемқорлық қылмыстар үшін жауапкершілікті үнемі қатаңдату, олардың түрлері мен қызметшіні құқық бұзушылыққа арандату әрекеті жағдайында әрекет ету алгоритмдері туралы айтылды.
Жазира Жылқышиева Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы Заңның нормаларына, әкімшілік сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар үшін жазаларға, ақшалай сыйақыға ғана емес, сыйлықтарға, қызметтерге ақы төлеуге және пара берудің басқа да жабық нысандарына қатысты сыбайлас жемқорлық өлшемшарттарына егжей-тегжейлі тоқталды.
Егер мемлекеттік немесе квазимемлекеттік сектордың қызметшісін сыбайлас жемқорлық әрекетке итермелеген жағдайда, ол бұл туралы өзінің тікелей басшысына немесе ұйымның комплаенс-офицеріне хабарлауы тиіс. Сондай-ақ, сигналдар ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің колл-орталығына 1424 тәулік бойы қабылданады.