
17 тамызда ҚР Сауда және интеграция бірінші вице-министрі Арман Шакқалиев биржалық қызмет саласындағы үйлестіру кеңесінің – мемлекеттік құрылымдар мен биржалық трейдингке қатысушылардың өзара іс-қимылын реттеу жөніндегі органның бірінші отырысын өткізді.
Үйлестіру кеңесі 2023 жылғы 15 маусымда ҚР Президенті Әкімшілігінің биржалық қызмет саласындағы міндеттерді орындау кезінде үйлестіруді күшейтетін консультативтік-кеңес орган құру туралы тапсырмасына сәйкес құрылды. Кеңестің жұмыс органы ҚР Сауда және интеграция министрлігінің Сауда комитеті.
Іс-шараның мақсаты - Үйлестіру кеңес қызметінің басымдықтары мен форматын анықтау. Мемлекеттік органдар, тауар биржалары, «Атамекен» ҰКП өкілдері мен трейдерлер Кеңес алдында қойылған міндеттерді іске асыру және оларға қол жеткізу жөніндегі жоспарларды талқылады.
«Кеңес биржалық қызметтің тиімділігін арттыруға бағытталған ұсыныстар мен келісілген іс - қимылдарды әзірлеу орталығына айналуы тиіс. Біз биржалардағы жарналар мен аударымдардың алуан түрлілігі, сатып алудың заңнамалық процестерін айналып өтетін жекелеген компаниялардың биржалық сауда тетігін пайдалану сияқты тұжырымдамалық проблемаларды шешуге бағытталған ҚР заңнамасына бірқатар түзетулер дайындадық»,- деді Арман Шаққалиев Кеңес қатысушыларына.
Биржалық сауда-саттық ұсақ көтерме және бөлшек сауда секторындағы қалыптасатын бағаның маңызды буыны болғандықтан, аймақтық өкілдер биржадағы бағаның әділдігіне қатысты мәселені көтерді.
Мәселен, өңірлік көмір операторлары көмір секцияларында аккредиттеу кезінде алынатын тауар биржаларында ірі кіру жарналары және биржалық сауда-саттықтағы басқа да проблемалар туралы мәлімдеді. ҚР ИИДМ Индустриялық даму комитеті төрағасының орынбасары Тұрар Жолмағамбетов тауар биржаларының қызметін реттеу жөніндегі жұмысқа ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі қосылғанын түсіндірді, бұл бірінші кезекте көмір жеткізілімдері мен олардың бағасына үлкен тәуелді өңірлердің мүдделерін көрсетеді.
Кеңестің қорытындысы бойынша Қазақстандағы сауда қызметінің биржалық бағытының салыстырмалы жаңалығын ескере отырып, келесі отырыс барысында тауар биржаларының сценарийлері бойынша іскерлік ойындар өткізілетін болады, оның барысында қатысушылар биржалардың сауда жүйесінің дұрыс жұмыс схемалары, аукциондарды өткізу әдістері мен режимдері, басқа да сауда іс-әрекеттері туралы түсінік алады.