Бүгін бірінші Қазақстан-ауған бизнес-форумы аясында Ауғанстаннан тауарлар көрмесі өз жұмысын бастады.
Көрменің ассортиментінде дәстүрлі Ауған өнімдері: кілемдер, мыс ыдыстар, мәрмәр, бағалы және жартылай бағалы тастар мен одан жасалған бұйымдар, сондай-ақ кептірілген жемістер, шафран, дәмдеуіштер бар. Сондай-ақ, көрмеде құрылыс тауарлары, тұрмыстық және өндірістік химия, көкөністер мен жемістер, азық-түлік және басқа да тауарлар бар.
Көрме 3-5 тамыз аралығында ЭКСПО аумағында, Конгресс-орталықта жұмыс істейді.
Елорданың барлық тұрғындары мен қонақтарын көрмеге қатысуға және Ауғанстанды жаңа жағынан ашуға шақырамыз!
Көрменің жұмыс уақыты:
12.00 – 20.00 (3 тамызда)
10.00 – 17.00 (4 тамызда)
10.00 – 13.00 (5 тамызда)
Өтетін орны:
Expo Конгресс-орталығы, Сауран көшесі, 44.
КІРУ ТЕГІН.