ЕАЭО аккредиттеу жөніндегі органдар басшылары Кеңесінің 19-шы отырысы

ЕАЭО аккредиттеу жөніндегі органдар басшылары Кеңесінің 19-шы отырысы

Кеңес бірлестікке қатысушы бес мемлекет арасындағы тауарлардың сапалы және қауіпсіз қозғалысына ықпал ететін аккредиттеу саласындағы бес мәселені қарады.

Қазіргі уақытта ЕАЭО сәйкестігін бағалау жөніндегі органдардың бірыңғай тізілімін құру бойынша жұмыс жалғасуда және оған сәйкестікті бағалау жөніндегі жаңа органдарды енгізу тәртібінің жаңа ережелерін іске асыру бөлігінде осы мәселеде қатысушы мемлекеттердің тәжірибесі қаралды.

ҰКО Бас директоры Талғат Момышев хабарлағандай, Ұлттық аккредиттеу орталығы ҰКО веб-сервисінің базасында ЕАЭО сәйкестікті бағалау жөніндегі органдардың бірыңғай тізілімінің Ұлттық бөлігін қалыптастырады және жүргізеді. Ондағы мәліметтер Еуразиялық экономикалық комиссияның ұсынылған үлгісіне сәйкес қалыптастырылады және ЕЭК-ке қарау және одан әрі жіберу үшін ҚР СИМ Техникалық реттеу және метрология комитетінің атына жіберіледі.  Сонымен қатар, Қазақстан Беларусь пен Ресеймен бірге аккредиттелген субъектілердің қызметі туралы екіжақты негізде жедел ақпарат алмасу туралы келісімге қол қойды.

Бұдан әрі отырыс күн тәртібіндегі барлық мәселелер бойынша сындарлы талқылау өтті, оның барысында Қазақстан, Армения, Беларусь, Қырғызстан және Ресей аккредиттеу органдарының басшылары аккредиттеудің әртүрлі аспектілері бойынша өз елдерінің ұстанымдарын білдірді, өзара саудадағы кедергілерді жоюға, ЕАЭО елдерінің нарығында сапалы тауарлар мен қызметтерді ілгерілету серпініне ықпал ететін уағдаластықтарға қол жеткізді.

ЕАЭО аккредиттеу органдары басшылары кеңесінің келесі, 20-шы отырысын Мәскеу қаласында күндізгі форматта өткізу туралы шешім қабылданды.