
Ұлттық аккредиттеу орталығының өкілдері: Бас директордың орынбасары Ержан Қарасаев және халықаралық ынтымақтастық департаментінің бас маманы Зюлял Кабенова Қырғыз Республикасы, Бішкек қ. өткен стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі Мемлекетаралық кеңестің 63-ші отырысына қатысуда.
Отырыс жұмысына ТМД-ға мүше мемлекеттердің стандарттау, метрология, сәйкестікті бағалау және аккредиттеу жөніндегі ұлттық органдарының, ТМД Атқару комитетінің, Ислам елдерінің стандарттар және метрология институтының (SMIIC) және Стандарттар жөніндегі бюроның өкілдері сондай-ақ байқаушы ретінде шақырылған Еуразиялық экономикалық одақтың өкілдері қатысады.
МАК 63-ші отырысына қатысушыларға МАК төрағасы Болотбек Нұрматов, ТМД Атқарушы комитеті Экономикалық ынтымақтастық департаментінің ғылыми-техникалық ынтымақтастық және инновациялар бөлімінің бастығы Тимур Мансұров, SMIIC Бас хатшысы Ихсан Овут, сондай-ақ ЕЭК Техникалық реттеу және аккредиттеу департаментінің директоры Тимур Нұрашев құттықтау сөз сөйледі.
Кеңес пен стандарттар Бюросының 61-ші және 63-ші МАК отырыстары арасындағы кезеңдегі жұмысының қорытындылары туралы баяндамамен МАК жауапты хатшысы Владимир Черняк сөз сөйледі.
МАК 63-ші отырысының күн тәртібінде мемлекетаралық стандарттау, метрология, сәйкестікті бағалау және аккредиттеу саласындағы қызметті жетілдіруге бағытталған 25-тен астам мәселені қарау жоспарланған.