Бүгін мемлекеттік қызметкер күні ҚР СИМ-нің 14 жас қызметкерлерінің ата-аналары ҚР Премьер-Министрінің орынбасары-Сауда және интеграция министрі Серік Жұманғарин атынан алғыс хат алды. Заң қызметі департаменті директорының орынбасары Динара Алинова «Үздік мемлекеттік қызметші» төсбелгісімен марапатталды.
Алғыс хатпен марапатталғандар қатарында ҚР СИМ Техникалық реттеу және метрология комитеті мемлекеттік бақылау бөлімінің бас сарапшысы Марғұлан Фалеев те бар.
Алғыс хат мәтінінде айтылғандай, жас қызметкерлердің бүгінгі жетістіктері – бұл ата-аналарының күнделікті еңбегі мен қамқорлығының нәтижесі, балалардың жетістіктері – бұл олардың еңбегі.
«4 жыл бұрын құрылған Сауда министрлігі жас та болса да алға қойған зор мақсаттарын нәтижелі жүзеге асырып келеді. Бүгінде ұжымда 390 қызметкер еңбек етеді, оның 237 жас маман. Олар Президенттік жастар кадрлық резервінің мүшелері, Болашақ бағдарламасының және Мемлекеттік басқару академиясының түлектері. Еліміздің болашағы үшін мемлекетке қызмет етіп келеді», – деді марапаттау рәсіміне қатысушыларға министрдің м.а. Қайрат Балықбаев.
Ол залға жиналған СИМ және оның құрылымдық бөлімшелерінің қызметкерлерін мемлекеттік қызметкерлер күнімен құттықтап, қатысушыларға ел игілігі үшін жұмыста табыс, денсаулық, отбасылық амандық тіледі.