
Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау үшін Сауда және интеграция министрлігі «Техникалық реттеу туралы» және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне техникалық реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2 заң жобасын әзірледі.
Заң жобаларының негізгі ережелері айқындалды:
Осы өзгерістерді қабылдау:
- отандық өнімнің бәсекеге қабілеттілігі мен сапасы үшін жағдай жасауды;
- ішкі нарықта айналымдағы өнімнің қауіпсіздігі мен сапасын арттыру мақсатында мемлекеттік бақылауды жетілдіруді;
- сәйкестікті бағалау рәсімдерінің анықтығын қамтамасыз етуді;
- техникалық реттеу саласындағы ұлттық заңнаманы ЕАЭО шеңберінде ұлттық заңнан жоғары тұрған заңнамалармен сәйкестендіруді қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Заң жобасында сондай-ақ, әкелінетін тауар үшін өндірушілер мен импорттаушылардың міндеттемелерін арттыруға; өз дәлелдемелері негізінде немесе үшінші тараптың қатысуымен өз қауіпсіздігін декларациялау қағидатын бекітуге; жетекшілік ететін салалардағы техникалық реттеу және ЕАЭО құжаттары бойынша ұстанымдарды әзірлеу үшін мемлекеттік органдар жанындағы сараптамалық кеңестердің мәртебесін арттыруға бағытталған түзетулердің үлкен блогы қарастырылған.
Заң жобаларын пысықтау барысында мүдделі мемлекеттік органдардан, сондай-ақ бизнес қоғамдастық өкілдерінен үш жүзден астам ұсыныстар мен ескертулер түсті.
Белсенді талқылау нәтижелері бойынша ескертулердің үштен екісі қабылданды, заң жобалары түбегейлі қайта қаралып, айтарлықтай пысықталды.
Осыған байланысты, а.ж. 27 сәуірде сағат 15.00-де Министрлік Қазақстан Республикасының уәкілетті органдарында заң жобалау жұмыстарын ұйымдастырудың бекітілген рәсімдері шеңберінде бизнес-қоғамдастық өкілдерімен онлайн режимінде заң жобаларын жария тыңдауды өткізуді жоспарлауда.